Хуан Мата "Манчестер Юнайтед" ойыншысы атанбақ

23.01.2014, 23:07
Хуан Мата "Манчестер Юнайтед" ойыншысы атанбақ
The Telegraph" басылымының хабарлауы бойынша, испаниялық жартылайқорғаушы Хуан Мата жақын арада "Челсиден" "Манчестер Юнайтедке" ауысады. "Қызыл сойқандар" ойыншыны 37 млн фунт стерлингке сатып алмақ. Ал 25 жасар Матаның жалақысы аптасына 150 мың фунт болады. Дәл бүгін медециналық тексерістен өтіп, 4,5 жылдық келісім-шартқа қол қояды. Хуан Мата "ақсүйектер" сапына 2011 жылы испаниялық "Валенсиядан" ауысып келіп, командада 82 ойын өткізіп, 18 голды өз еншісіне жазған. Испания ұлттық құрамасының жейдесін 32 мәрте киіп, 9 голдың авторы атанған.   Дайындаған : Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×