Қарсы алыңыздар,Стротман

24.01.2014, 09:44
Қарсы алыңыздар,Стротман
Биылғы маусымда Италия А сериясында ең сәтті ойын көрсетіп жүрген бір команданың ең сәтті ойнап жүрген жас, голландиялық жартылай қорғаушысы Кевин Стротман "Романың"  биылғы жоғары дәрежелі ойынына өз үлесін қосып қана қоймай, азғана уақыт ішінде клубтың ең үздік орындаушыларының біріне айналып үлгерді. ,загруженное (1) Голландиялық ойыншының "Рома" сапына ауысқанына небәрі жарты жыл ғана болды. Бірақ,осы уақыт ішінде Кевин "Романың жүрегіне" айналып үлгерді. Дәл осы футболшы "қызғалдақтылар"  сапында әлем чемпионатына бару құқығын иеленіп үлгерген үш футболшының біреуі екендігін де айта кетейік. "Қызғалдақтылар" елінен соңғы жылдары жоғары дәрежелі жұлдыздардың шықпағандығын ескерер болсақ Стротманның әлем футболында алатын орны ерекше. "Рома" клубының басшылығына американдықтар келгеннен кейін алдыңғы жылдардың сәтсіздіктерін естен шығарып, бір-екі маусым ішінде клубты жоғары орындарға көтеріп, шабуылға иек артатын ойын өрнегін басшылыққа алатындықтарын мәлімдеді. Бірақ, бұл сөздердің бәрі де уақыт өте келе ұмытыла бастады. Клуб алтыншы-жетінші орындардан көтеріле алмаған соң Маркиньос, Освальдо сияқты жетекші ойыншылар клубты тастап кете бастады. Тіпті, клуб патриоты саналатын Даниэле Де Россидің өзі де  клуб ауыстыру мәселесін ыңғайлай бастаған еді. Кевин Стротманның Римге келуі дәл осындай қиын кезеңге сәйкес келді. tumblr_mzm3dkbXXb1rwwjvvo1_1280   Голландияның үлкен футболына Стротман үш төрт жыл алдын араласа бастады. Бала күніндегі алғашқы келісім-шартын "Спарта" клубымен түзіп, футболшылыққа бет бұрған. Осы клубта жүргенде жас футболшының бойында бағалы қасиеттер қалыптаса бастады. Ең алдымен, ол команданы соңынан ерте алатын нағыз лидер ретінде танылды. "Спарта" клубының капитаны болған Кевин  "Утрехт" клубына ауысты. Ол жерден бірден "ПСВ" скауттарының көзіне түсті. Кевин Стротман және Дрис Мертенс жұбын "ПСВ" 13миллион еуроға сатып алды. "ПСВ" құрамында Стротман азғана уақыт ішінде нағыз шебер ойыншыға айналды. Біршама уақыт сонда доп тепкен соң, ұлттық құрамадан негізгі орынды иеленді. Өзінің бойындағы жетекшілік қасиетінің арқасында кейбір матчтарда "қызғалдақтыларды" капитан ретінде алаңға алып шығып жүрді. Луи Вангаль бапкер қайтадан түзген жаңа құраманың қозғаушы күші осы жігіт болды. Осыдан жарты жыл уақыт алдын Кевин Стротман римдік "Рома" клубымен жаңа келісім-шарт жасады. Римге келген голландиялық жартылай қорғаушыға "Рома" өкілдері 6 нөмірлі жейдені ұсынды. Бұл нөмір клубта оншақты жылдан бері қолданылмай келе жатқан. Себебі: римдік клуб сапында ондаған жылдар бойы тер төккен бразилиялық қорғаушы Алдаир футболшылық ғұмырын аяқтаған соң бұл нөмірді соған лайықты футболшыға тапсыру ұйғарылған еді. "Рома" Стротманды таңдады. Римдіктер жас голландиялық футболшы үшін шамамен 20 миллион еуро көлемінде шығындануға тура келді. Бүгінгі күнде Кевин үшін 35 миллион еуро төлеуге дайын командалар бар. Мұның өзі жарты жыл ішіндегі футболшы прогресінің айқын көрінісі. Стротман өзіне артылған сенімді толығымен ақтады деп айта аламыз. Италия А сериясына келгеніне жарты жыл ғана болса да, ол, сөзсіз, үздіктер қатарында. Негізгі мамандығы таяныш жартылай қорғаушысы болса да, ол командасының шабуылдарына көп қатысады. Пас беру дәлдігі 88%құраған. Әріптестерінің ұрымтал тұсқа шыққандығын жақсы көре біледі, нәтижелі пас беру көрсеткіші де өте жоғары. Кевин Стротманның қарсылас шабуылын шебер тоқтатып қана қоймай, өз командасының шабуылдарына белсене араласуын сипаттаған кезде  голландиялық  бапкер Ван Марвейктің оны "Найджел Де Йонг пен Рафаэль ван дер Варттың ерекше қосындысы ",-деп атаған сөздерін келтіру жеткілікті. ruec37989529b Де Росси, Пьянич сияқты футболшылармен бірге бүгінгі күнгі ең үздік жартылай қорғаушылардың бір жұбын құра білді. Бүгінгі күнгі футболда ең үлкен рөлді жартылай қорғаушылар атқаратыны белгілі. "Романың" бүл маусымдағы сәтті ойыны негізінен осы жігіттердің арқасы. Соңғы уақытта Кевинді көпшілік футбол жанкүйерлері чилилік жартылай қорғаушы Артуро Видальмен жиі салыстыруда. Екеуі де орталық жартылай қорғаушы, екеуі де командасында негізгі рөлдерді атқарады. Шабуылда да қорғаныста да сауатты ойнай біледі. Бұл футболшылардың қайсысы мықты екендігіне таласу Месси мен Роналдудың қайсысы мықты дегенге ұқсайды. Екеуінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Мейлі, Видаль көп гол салсын, бірақ Стротман қорғаныста тамаша ойнайды және пасты дәл береді. Бұл ойыншының бір ойында шамамен 65 пас асыратыны да керемет көрсеткіш. Және Стротманның А сериясына келгеніне көп болған жоқ, ал Видаль биыл "Ювентус" сапында өзінің үшінші маусымын өткізуде. Тиісінше, голландиялық футболшы ойыннан ойынға қарқынына қарқын қосатын болар! Кевин Стротман және Артуро Видальдің жасыл алаңдағы тағы бір шайқасын жазда Бразилия жеріндегі мундиальда да тамашалай аламыз. Естеріңізде болса, Голландия мен Чили құрамалары бір топта өнер көрсетеді. Ал әзірге Кевин Стротманның "Рома" сапындағы керемет ойындары басталып қана келе жатқандығына қуана беруге болады. Алдағы уақытта клуб ауыстырып жатпаса, римдік клубтың ең басты жұлдызына айналуы әбден мүмкін.   Жәнібек Әбішев                       "
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×