Швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович «ПСЖ» сапындағы жүзінші голын соқты.
Аталмыш оқиға Франция кубогындағы «Сент-Этьенге» қарсы матчта орын алды. 33 жастағы форвард 21-ші минутта пенальтиден көзге түсті. Бұл оның париждік клубтағы 100-ші голы болатын.
Кейін швециялық шабуылшы тағы да қос доп соғып, нәтижесінде хет-трик жасады.