Иньеста «Барселонамен» келісім-шартын созбақ

15.11.2013, 18:57
Иньеста «Барселонамен» келісім-шартын созбақ

Каталондық «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста алдағы уақытта командамен келісім-шартын 2017 жылға дейін созатынын мәлімдеді. Бұл туралы sport.es сайты хабарлап отыр. Испания ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы мен «Барселона» командасы арасындағы келісім-шарт 2015 жылдың жазындааяқталады. Осыған дейін Иньеста командамен жаңа келісімге қол қоятыны жайлы хабарламаған болатын. Енді футболшы каталондықтармен тағы да 2 жылдық келісімге отырмақшы. Жалақы мөлшері жылына 12 миллион евроны құрамақ. Естеріңізге сала кететін болсақ, бүгін ғана «Манчестер Юнайтед» қысқы трансферге дейін Андрес Иньеста командамен жаңа келісім-шартқа отыратынын мәлімдемесе, өз саптарына шақыруға ниетті екендіктерін жеткізген болатын. Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×