Жұмада әрбір жанкүйер көру тиіс 6 матч

15.11.2013, 20:56
Жұмада әрбір жанкүйер көру тиіс 6 матч

Апта соңында әлем чемпионатына берілетін соңғы жолдамалар сарапқа салынады. Роналду vs Ибраһимович, Рибери vs Коноплянка, қайсысының жолы болады?

Португалия – Швеция

IBRA-CR7 Round one: Fight! Жұма күнгі кештің көркін қыздыратын, атауының өзі асқақтап тұрған кездесу Пиреней түбегінде ойналады. Енді ше, әлемнің ең үздік футболшысының бірі Роналду мен «кунг-фу маманы» Ибраһимович бір-бірімен бетпе-бет келеді. Өкінішке қарай, екі ойыншының бірі келесі жылы Бразилияда өнер көрсете алмайды. Сондықтан, КР7 да, Ибра да барын салатыны анық. Оның үстіне, Португалия – Швеция матчы «алтын доптан» үміткердің мүмкіндігін арттырады. Лионель Месси жарақат алып қалғалы үздік футболшы атағына лайықты үш-ақ футболшы қалды. Соның екеуі күш сынасады жұма күні. Айтпақшы, Златан әлем чемпионатына Роналдуға қарағанда өзінің лайықты екенін жасырмады. Криштиану соңғы жаттығу жиынына қатыспады. Әзірге оның ойынға қатысу-қатыспауы белгісіз.

16 қараша, 01:45. «Эштадиу да Луш»

Украина – Франция

ribery timoshuk Рибери мен Тимощук бір кездері “Баварияда” бірге ойнаған «Алтын доптан» үміткердің бірі Рибери украиндарға қарсы алаңға шығады. Әлбетте, командасының әлем чемпионатына баруына үлес қосқан ойыншы үздік атануға мүмкіндігі мол. Сондықтан, Франк бастаған жігіттер Украинаға қарсы барын салуы тиіс. Михаил Фоменко шәкірттері де оңай шағылатын жаңғақ емес. Құрамында Евгений Коноплянка, Андрей Ярмоленко секілді «жұлдыздары» бар украиндар өз алаңында жеңіске жетуге тырысады. 16 қараша, 01:45. «Олимпийский»

Грекия – Румыния

karagunis Карагунис 2004 жылы Еуропа чемпионы атанып еді. Бұл жолы элладалықтарға көмектесе ала ма? 2004 жылы Еуропаны таңғалдырған элладалықтар өз алаңында Румынияны қабылдайды. Гректер іріктеу кезеңінде Босниямен бірдей ұпай жинаған. Тек доп айырмасы бойынша ғана есе жіберді. Ертеңгі ойынға жарақатына байланысты қорғаушы Кирьякос Пападопулос қатыспайды. Жығылғанға жұдырық демекші, жанкүйерлерінің тәртіпсіздігі үшін ФИФА гректерге 32,5 мың доллар айыппұл салды. Румынияның негізгі қақпашысы Чиприан Тэтэрушану белін ауыртып алуына байланысты, қақпаны Костел Пантилимон қорғамақ. Дегенмен, букмекерлер Грекияның бәсі жоғары деп отыр. 16 қараша, 01:45. «Георгиос Караискакис»

Исландия – Хорватия

sigurdsson Исландияның “жұлдызы” – Сигурдссон Матчтың Исландияда өтетініне қарамастан, фаворит – Хорватия құрамасы. Екі команда да іріктеу ойындарын 17 ұпаймен аяқтаған. Исландия тұңғыш рет әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін пайдаланып қалуға тырысады. Ал хорваттар 15 жыл бұрынғы жетістігін тағы бір қайталауға кетәрі емес. Лука Модрич, Марио Манджукичтер Хорватияны алға жетелейді. Олай болса, Ларс Лагербек шәкірттері Бразилияға бару үшін бар мүмкіндігін пайдалануы тиіс. 16 қараша, 01:00. «Лаугардалсвеллур»

Бельгия – Колумбия

Falcao Фалькао “бельгиялық бандаға” құшақ жаяды Бүгінде Бельгияда кілең «сен тұр, мен атайын» дейтін дарынды, жас футболшылар жиналған. Әлем біріншілігінің жолдамасын қалтаға ерте басқан бельгиялықтар жұма күні Колумбиямен күш сынасады. Шакираның отандастары кім көрінгенге жеңіле салатын команда емес. Оның үстінде, құрамында Фалькао секілді арыстан шабуылшысы бар латынамерикалықтар жолдастық кездесу болса да, мерейі үстем болуды артық көрмейді. Қысқасы, «қызыл сойқандардың» жас бандасы Латын Америкасының мачоларымен шеберлік байқасады. 15 қараша, 02:00. «Король Бодуэн»

Италия – Германия

miroslav-klose Мирослав Клозе енді бір секірсе даңқты Роналдоны басып озады. Әйтсе де, әзірге ол бундестимге көмектесе алмайды Еуропаның алпауыттары Италия мен Германия да өзара жолдастық кездесу өткізеді. Бундестренер әлі күнге дейін мықты қарсыласпен кездеспегенін, Италиямен болатын ойын немістердің күшін анықтайтынын жасырмады. Марио Гомес пен Мирослав Клозе жарақат алып қалғандықтан, Германияға көмектесе алмайды. Ангинасы сыр берген Росси « куадра адзурра» сапында алаңға шығуы екіталай. Қалай дегенмен, бұл ойын немістер мен Италияның әлем чемпионатына дайындығы қандай екенін көрсететіне сөзсіз. 16 қараша, 01:45. «Джузеппе Меацца» http://aynaline.kz/2013/11/14/zhumada-arbir-zhankujer-koru-tiis-6-match.html
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×