«Интер» А сериясының үздік қорғаушысын сатып алмақ

21.06.2022, 01:40
Миландық клуб жазғы трансфердік терезеде белсенді түрде жұмыс істеуде.
«Интер» А сериясының үздік қорғаушысын сатып алмақ

«Торино» қорғаушысы Глейсон Бремер жақын арада «Интерге» ауысады. Қос клубтың өкілдері осы аптада ойыншының трансферін талқылау үшін тағы да кездесу өткізеді, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.

«Қазір Лукаку және Дибаланы қатарға қосу үшін жұмыс істеудеміз, бұл қаржылық жағдайымызға тікелей байланысты болмақ. Бремер де бізге қажет ойыншы. Дәл қазіргі сәтте Андре Онана және Генрих Мхитарянмен келісім-шартқа отырғанымызды растай аламын», - деді «Интердің» директоры Маротта.

Бұған дейін 25 жастағы бразилиялық ойыншыға «Интерден» бөлек, «Тоттенхэм» және «Миланның» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, Бремер өткен маусымның қорытындысы бойынща А сериясының үздік қорғаушысы атанған еді. Бразилиялық футболшы Италия чемпионатында 33 матч өткізіп, 3 гол мен 1 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Оның «Ториномен» келісім-шарты 2024 жылдың маусымына дейін есептелгег. Transfermarkt порталы Бремерді 35 миллион еуроға бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×