Құрбан Бердыев ирандық клубты тізгіндеді

20.06.2022, 23:15
Құрбан Бекейұлы жаңа клубта екі түрлі қызмет атқармақ.
Құрбан Бердыев ирандық клубты тізгіндеді

Ирандық «Трактор» клубы бас бапкер лауазымына Құрбан Бердыевтің тағайындалғанын хабарлады.

Бұл қызметтен бөлек, «Қайраттың» бұрынғы тәлімгері ирандық клубтың техникалық директоры ретінде де жұмыс істемек.

«Еуропа футболында тамаша тарих жасаған белгілі маман «Трактордың» Премьер-Лига маусымына дайындығын, сондай-ақ бүкіл клуб футболын қадағалайды. Атап айтқанда, академияның және клубтың кәсіби инфрақұрылымын үш жылдан бес жылға дейін қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Оны «Тракторды» Азия футболындағы үлкен клубқа айналдыру үшін шақырдық», - делінген ирандық клубтың мәлімдемесінде.

Бердыевтің «Қайраттан» кететіні 6 маусымда хабарланған еді. Оның орнына алматылық клубты Кирилл Кекер тізгіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×