Иско мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

07.10.2021 14:31 Ла Лига

Футболшы қыста мадридтік клубтан кетуі мүмкін.

Иско мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

"Реал Мадридтің" жартылай қорғаушысы Иско "Миланға" ауысуға келісті, деп хабарлайды Todo Fichajes басылымы.

"Эвертон", "Севилья" және "Милан" жартылай қорғаушыға қызығушылық танытып отыр. Италиялық клуб Иско үшін күресте көш бастап тұр - футболшы осы қыста италиялық клубқа ауысуға өз келісімін берді. Бұл ретте ойыншы "Эвертонның" бас бапкері Рафаэль Бенитестің қол астында ойнағысы келмейді. Мансабын Испанияда жалғастыру мүмкіндігі Исконың жоспарына кірмейді.

Футболшыға Рафаэль Бенитестің жеке қызығушылық танытқаны хабарланды. "Эвертон" Исконы катарлық "Аль-Райян" клубына ауысқан Хамес Родригестің орнына алғысы келеді.

Исконың "Реалмен" келісім-шарты 2022 жылдың маусым айында аяқталады. Мадридтік клуб испаниялық футболшыны қыста жіберуге дайын, себебі олар ойыншының сатылымынан ақша тапқысы келеді.

Ла Лиганың осы маусымында Иско "Реал" сапында алты матчқа қатысып, бір гол соқты.

0 пікір