ИСЛАМХАН «КУБАНЬНЫҢ»НЕГІЗГІ ҚҰРАМЫНА ЕНДІ

28.02.2013, 23:18
ИСЛАМХАН «КУБАНЬНЫҢ»НЕГІЗГІ ҚҰРАМЫНА ЕНДІ
Ресейдің «Кубань» командасы Ресей чемпионатына қатысатын негізгі құрамының тізімін жариялады. Жақында ғана осы командаға ауысқан қазақ футболшысы Бауыржан Исламхан да негізгі құрамға еніпті. Естеріңізге сала кетейік, «Тараз» ойыншысы Исламханды краснодарлық клуб ақпан айының ортасында 30 миллион теңгеге сатып алған еді. Қазір Бауыржан жаңа командасымен бірге Түркияда оқу жаттығу жиынында жүр. Ал Ресей чемпионаты наурыз айының ортасында жалғасын табады. Қосқан: Ернат Темірбеков
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×