ЖОЛШИЕВ ҮШІН «ДИНАМО»1,5 МИЛЛИОН ДОЛЛАР ҰСЫНЫП ОТЫР

28.02.2013, 03:48
ЖОЛШИЕВ ҮШІН «ДИНАМО»1,5 МИЛЛИОН ДОЛЛАР ҰСЫНЫП ОТЫР
  52a0ebdb13f5a13f06238c21e58e5c251-1024x779 Қазақстан құрамасының және «Тобыл» командасының 22 жасар ойыншысы Бауыржан Жолшиев мәскеулік «Динамо» командасының трансферлік мақсатына айналды. «Динамо» Жолшиев үшін қомақты қаржы беруге дайын. Мәскеулік команда қазақ футболшысы үшін басында 1,2 миллион доллар ұсынған. Бірақ «Тобыл» командасынан жауап болмаған соң соманы 1,5 миллион долларға көтерген. «Тобыл» командасының басшылығы футболшыны сатуға дайын. Бірақ Қостанай облысы әкімдігі Жолшиевті жібергісі келмей отыр. Ал «Динамо» ойыншыны сатып алуға кететін қаржыны тағы да көтеруге дайын екендіктерін білдірді. Егер әкімдік келіссе, онда Жолшиев «Динамо» жейдесін киюі мүмкін. Қосқан: Ернат Темірбеков
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Серіктес жаңалықтары
×