Италияның А сериясы. Брависсимо Ювентус!

08.01.2014, 02:24
Италияның А сериясы. Брависсимо Ювентус!
Бірінші айналымның орталық матчы. Ювентус-Рома. Чемпионатты қатарынан 10 жеңіспен бастаған Рома, келесі 7 ойынның бесеуінде ұпай жоғалтты. Бірақ ешқайсысында 1 ұпайдан кем еншілеген емес. Яғни, жеңілістің ащы дәмін татпаған. Қарсыласының әр сүрінгенін пайдалана білген Ювентус, көш бастап тұр. Римдік клубтан 5 ұпай алда. Ювентус үшін тең нәтиже де жаман емес. Бірақ, Конте шәкірттері өз жанкүйерлерінің алдында қалайда жеңіске жетуге тырысары хақ. Чемпиондар лигасынан шығып қалып, бар ашуын ішкі біріншіліктегі командалардан алып жүрген Кәрі Синьораны, Руди Гарсия қандай айла-тәсіл қолданып тоқтатпақ? Қуантатыны, жарақаттарынан айыққан Пирло мен Тотти, алаңға шығуға сақадай дайын. Ойын Романың белсенділігімен басталды. Ойын тізгінін қолдарында ұстады, шабуылдады. Видалбдың голына дейін. Тевестың голға айналар пасын шебер пайдаланған, чилилік ойыншы, жақын бұрышқа допты тоғытып, есеп ашты. Бұндай матчта жылдам гол соққан команда психологиялық басымдылыққа ие болатыны белгілі. Романың 1-2 азусыз шабуылдарына тойтарыс бере білген Ювентус, енді ойын тізгінін толықтай өз қолдарына алды. Екінші тайм басталысымен, Пирлоның әуелеткен пасынан кейін Бонуччи есепті еселеді. Алдымен Де Россидың, сосын Кастанның алаңнан қуылуы римдіктердің сағын сындырды. Вучинич пенальтиден есепті еселеп, матч нүктесін қойды. Ойынның атына заты сай болмады. Күткен тартысты ойынымызды да көре алмадық. Бірақ, бір нәрсеге көзімізді анық тағы жеткізді. Дәл қазіргі таңда Ювентусқа төтеп бере алар қарсылас жоқ, Италияда. Бұл жолы да скудеттоны ешкімге бере қоймас. Рома үшін бұл жеңіліс психологиялық жеңіліс.  Команда одан бас көтере ала ма келесі ойындарда көреміз. Ювентус-Рома-3:0(1:0) Голдар: Видаль 17 Бонуччи 48 Вучинич 77 (пенальтиден) Әрине, Наполи-Сампдория матчы Ювентус-Рома ойының көлеңкесінде қалары шындық. Бірақ көруге тұрарлық ойын. Фиорентина мен 3-ші орынға таласып жүрген Наполиге бүгін жеңіс керек. Жеңсе Фиорентинаны 3 ұпай артқа тастаумен қатар, ойсырай жеңілен Ромаға екі ұпай жақындайды. Генуэдан келген команда, 14-ші  орынға жайғасқан. Синиши Михайлович жаттықтырушы келгелі бері жеңілген жоқ. 2 жеңіс, 3 тең нәтиже. Бір қызығы, 1998-шы жылдан бері Неапольда жеңіс тойын тойламаған Сампдория. Бүгін де тойлау жазбапты. Мертенстың дублінің арқасында, кезекті үш ұпайына қол жеткізген Рафа Бенитес шәкірттері, Ромамен арасындағы ұпай санын екеуге қысқартып, алтынның ауылы алыс болса да, күміс атты ауылға жақындады. Наполи-Сампдория-2:0(0:0) Голдар: Мертенс 53 Мертенс 62     Италия А сериясының қалған матчтарының нәтижелерімен таныс болыңыздар:   Лацио-Интер-1:0(0:0) Гол: Клозе 81   Фиорентина-Ливорно-1:0(0:0) Гол: Родригес 66   Милан-Аталанта-3:0(1:0) Голдар: Кака 35 Кака 65 Кристанте 67   Катанья-Болонья-2:0(1:0)   Голдар: Бергассио 23 Лоди 66(пенальтиден)   Дженоа-Сассуоло-2:0(2:0) Голдар: Джилардино 28(пенальтиден) Бертолаччи 45   Парма-Торино-3:1(2:1) Голдар: Маркионни 34                                     Иммобиле 21 Лукарелли 45 Амаури 70   Удинезе-Верона-1:3(1:2) Голдар: Перейра 43                                                 Тони 8 Тони 39 Итурбе 70   Кьево-Кальяри-0:0(0:0) Турнир кестесі:
М  Команда ойын жеңіс тең жеңіліс Доп айырымы Ұпай
1  ЮВЕНТУС 18 16 1 1 42-11 49
2  РОМА 18 12 5 1 35-10 41
3  НАПОЛИ 18 12 3 3 38-20 39
4  ФИОРЕНТИНА 18 11 3 4 34-20 36
5  ВЕРОНА 18 10 2 6 34-27 32
6  ИНТЕР 18 8 7 3 37-22 31
7  ТОРИНО 18 6 7 5 31-27 25
8  ПАРМА 18 5 8 5 26-26 23
9  ДЖЕНОА 18 6 5 7 19-20 23
10  ЛАЦИО 18 6 5 7 23-26 23
11  МИЛАН 18 5 7 6 28-26 22
12  КАЛЬЯРИ 18 4 9 5 18-24 21
13  УДИНЕЗЕ 18 6 2 10 18-25 20
14  САМПДОРИЯ 18 4 6 8 19-27 18
15  АТАЛАНТА 18 5 3 10 18-28 18
16  КЬЕВО 18 4 4 10 13-23 16
17  БОЛОНЬЯ 18 3 6 9 17-33 15
18  САССУОЛО 18 3 5 10 17-38 14
19  ЛИВОРНО 18 3 4 11 16-30 13
20  КАТАНИЯ 18 3 4 11 12-32 13
      Жолдаған: Фараби ӘБДІХАЛЫҚ    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×