Роналдиньо түркиялық клубқа ауысты

08.01.2014, 02:53
Роналдиньо түркиялық клубқа ауысты
Бразилиялық "Атлетико Минейроның"  шабуылшысы Роналдиньо Түркия жерінде бағын сынап көрмек. "Бешикташ" командасымен 2.5 жылға келісім-шарт жасасқаны жөнінде 101greatgoals.com басылымы мәлімдеді.  Бразилиялық жұлдыз түркиялық командасында 10-нан 15 миллион евро көлемінде пайда табады. Роналдиньо 2012 жылы "Фламенгодан"  "Атлетико Минейро" командасына ауысып барған болатын. 33 жасар шабуылшы команда сапында 62 ойын өткізіп, 23 гол соққан. Сондай-ақ,"Атлетико Минейро" командасымен Либертадорес Кубогын ұтып алды.   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×