Кака: Мен Исуске бағынамын!

17.11.2010, 06:19
Кака: Мен Исуске бағынамын!
2007-жылдың қорытындысы бойынша атақты «Франс Футбол» журналы тағайындайтын  дәстүрлі «Алтын доп» пен ФИФА анықтайтын әлемнің үздік футболшысы номинациясы Бразилия ұлттық құрамасы мен «Реалдың» жартылайқорғаушысы Каканың қанжығасына байланған еді. Бұл атақпен ол өзінің отандас-ағалары Роналдо, Ривалдо, Роналдиньолардың ерлігін қайталап, әлем футболының жарық жұлдызына айналды десек те болғандай. «Манчестер Сити» тарапынан түскен ұсыныстың клуб басшылары бетін қайырды. Олар ұсынған 120 миллион доллар Какадай футболшы үшін айырбастауға келмеді. Ал енді аталмыш кейіпкеріміз Рикарду Изексен душ Сантуш Лейте немесе жай ғана Каканың 22-нөміріне байланыстырып, өмір баянынан алған осы бір 22 деректі біріңіз білсеңіз біріңіз біле бермессіз деген ойда назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. 1. 2005-жылы Кака «Миланмен» чемпиондар лигасын ұтып өзін Еуропаның үздік аяқ доп шебері екенін дәлелдеді. 2. Каканың «Реал» сапына ауысқанда тұсаукесерге келген жанкүйерлер Криштиану Роналдудан ғана кем түсті. 65 мың. 3. Иә бұл сандар көп нәрсенің жігін ашқанымен, Каканың ойыны «россенерилер» үшін өте маңыздырақ болды. «Какасыз «Милан», ол бейне бір «Реджинадай»» – деп К.Анчелотти мырзаның айтуы да сірә бекер болмас. Дегенмен де, онсыз да «Милан» күшті команда, бірақ Какасыз чемпиондар лигасын жеңу көп қиындық туғызатын еді. 4. «Реал» лидерінің лақап атын оның кіші інісі Дигао қойған екен. Бір жарым жасар інісі ағасының толық аты Рикардоға тілі келмей, ең алғаш Кака депті. Ал енді осы  екі ағайынның бір командада өнер көрсетуіне толық мүмкіндік бар.  «Миланның» вице-президенті Леонардо, 22-жасар серия В-да ойнайтын «Римини» клубының ойыншысымен келіссөздердің шет-жағасын бастап-та кетіпті. Орталық қорғаушы Дигаоның дене бітімі де жаман емес екен – 194см, 93 кг. 5. Каканың өз отандас атақты футболшыларынан бір айырмашылығы, ол ешқандай  да тауқіметсіз, байқуатты ауданда өскен. 6-жасқа дейін ел астанасы Бразилиада тұрса, одан кейін Сан-Паулуда өмір сүрген (Әкесі-инженер, шешесі-математика пәнінің мұғалімі). Ең бірінші айнасысқан спорт түрі-теннис болып, ал содан кейін Роберто Ривелиноның футбол академиясына түскен. 6. Каканың бірінші трансфері 11-жасында болды. «Сан-Паулу» басшылары оны аты аңызға айналған академияға шақырды. Бұл футбол академиясы Бразилияның ең маңдай алдысы еді. Мұнда әлем футболының жарық жұлдыздары: Кафу, Эдмилсон, Сисиньо, Жулио Баптиста, Фабио Симплисио, Сержиньо, Луис Фабиано және т.б. өсіп шыққан. Кака-кәсіпқой футбол жолын алғашында шабуылдаушы емес, қорғанушы жартылайқорғаушылықпен бастаған. Онысы әсте табысты бола қоймады: басты командаға анда-санда ілігіп тұрды. Оған себеп дене тұрқының нашарлығы: Кака өз құрдастарынан сүйек өсімі бойынша 2-жылға қалық еді. Сол себепті «Сан-Паулудың» дене тәрбиесі жөніндегі жаттықтырушысы Турибио Нетто 17-жасар Каканы «шыбық» – деп атаған екен. «18-айдың ішінде ол арнайы жүйемен жұмыс істеп, бұлшық ет салмағын 10 келіге толықтырады. Ал ойлау жағы мен техникалық өнер онда ешқашан кенде болған емес.»-дейді Нето. 7. 2000 жылдың қазан айында Кака жанұясымен су паркінде демала жүріп,  тосын жағдайға тап болады. Биіктен сырғанап келіп суға түсудің орнына,  ол-бассейннің бортына барып ұрылады. Бұл күні Кака еш ауыртпалық сезбейді, тіпті ертесіне жаттығуға да келеді. Бірақ сол жерде ес-түсін білмей сұлқ құлайды. Кейін анықталып «омыртқаға зақым тиген» деген диагнозбен ол 2 ай бойы төсек тартып жатып қалады. Сол кездегі дәрігерлердің пайымдауынша Какаға футбол ойнау түгіл, жүріудің өзі қиынға соғатынын айтқан болатын. Сонда да Кака тез арада аяғынан тұрып кете алды. 8. Өзінің ең сүйікті кітабы ретінде Кака Библияны місе тұтса, әуен жағынан шіркеулік саз болып тұр. Каканың жеке тапсырысы бойынша Аdidas фирмасы I вelong to Jesus (Мен Исуске бағынамын) деген жазуы бар аяқ киім шығарған. 9. Каканың «Сан-Паулу» жастар командасында өнер көрсеткен шақтарында клуб жағдайы мәз емес еді. Қаржылық жағынан қысылтаяң сәтке түскен клуб басшылары, ойыншыларды оңды-солды арзан бағамен сата бастады. Осы жағдайдан Кака да тыс қалмады. Оны түріктің «Газинтеспор» командасы 1,5 миллион долларға алып тұрған жерінен, бағаның тым қымбаттылығынан айнып кетеді. Одан кейін Каканы Киевтік «Динамоға» ұсынғанда бас бапкер И.Сабо футболшының физикалық қабілеттілігі төмен деп кері қайтарады. 10. 18-жасында Кака алғаш «Сан-Паулудың» ересектер командасына қабылданады. Тұсаукесер ойыннан-ақ Кака жарқ ете шықты. Ойынның бітуіне 14 минут қалғанда оның командасы 0:1 есебімен ұтылып жатқан болатын. Ойынға кіре салысымен Кака екі минут ішінде екі гол ұрады да, командасына жеңіс сыйлайды. Жалпы ол ақ-қызыл-қара «Сан-Паулу» жейдесін 146 рет киіп, 58 доптың иегері атаныпты. 11. Ал 2002 жылдың қаңтар айында Кака ұлттық құрама сапына ілігіп, тұсаукесер ойынын тағы да голмен бастап, жазда әлем чемпионы деген атақ алады. 19 жасар жартылайқорғаушы топтық бәсекедегі Коста-Рика ойынында алаңда 18 минут өткізеді. Сәл болмағанда немістермен өткен финалдық кездесуге де шығар еді. Луис Филипе Сколари Каканы ойынға қосу үшін алаң жиегіне шығара бергені сол еді, төрешінің ақтық ысқырығы шалынды да қалды. 12. Каканың көзжанары да айтарлықтай мықты емес. Футболдан тыс уақытта ол үнемі көзілдіріктің көмегіне жүгінеді. Ал алаңға шыққанда көзіне линза тағуға тура келеді. 13. 2003 жылдың жазында Кака Ресейден бір-ақ шыға жаздады: Келешекте «Челсиге» ауысу мүмкіндігімен оны Мәскеулік ЦСКА шақырды. Әйтсе де бәрі олай болмады, «Миланның» Вице-президенті, кезінде Какамен бірге «Сан-Паулу» намысын жыртқан, 1994 жылғы әлем чемпионы-Леонардо, жас футболшыны өз қол астына алды. Итальяндықтар бұл үшін «Сан-Паулуға» 8,25 миллион еуро төледі. Келесі жылдың өзінде-ақ президент С.Берлускони бұл соманы Кака толығымен ақтағаны туралы мақтана мәлімдеді. 14. Каканың «Миландағы» ең жақын достары болып әрине отандастары және Андрей Шевченко екен. Соңғысымен оның бір ортақтастығы-Армани фирмасының жарнамасындағы ресми түрлер. 15. Джорджио Арманидің ойынша “ Кака сән әлеміндегі ең әдемі идеал үлгі. Ол Бекхемнің бразилиялық нұсқасы”- дейді әйгілі дизайнер.Сонымен қатар Adidas  фирмасы Какаға арнап спорттық киімнің бірнеше тізбегін шығарған. 16. Ол италиядағы ең алғашқы маусымда 48 ойында 14 гол ұрып, «Миланмен» скудеттоны жеңеді. Осының өзінде ол команда сапынан, 42 миллион еуроға келген Руй Коштаны ысырып, Ривалдоға басқа клубқа көшуге жай айтқанда ықпал етті. 17. Каканың футболда табынатын адамы- 1992 жылғы құрлықаралық кубоктың жеңімпазы, 1994 жылдың әлем чемпионы – Раи. 18. 2005 жылдың 23-желтоқсанында Сан-Паулудағы шіркеуде Кака бір емес бес жыл жүрген қызы Каролина Селсиомен отау құрады. Үйлену тойына 600 қонақ шақырылып, оның ішінде Роналдо, Кафу, Адриано, Дида, Жулио Баптиста және  ұлттық құраманың бас бапкері Карлос Альберто Парейро болды. Бұл арнайы шақырылған қадірлі меймандар Каканың өзі шығарған өлеңді көпшілік жұртқа шеберлікпен орындап берді. 19. Milan Lab-тың басшысы Даниэле Тоньяччинидің пікірінше “Каканың бүгінгі денсаулығы өте жақсы. Бір қызығы оның жылдамдығы спринтердікіндей де, шыдамдылығы стайердікіндей. Оған жүз метр мен километр жүгірудің еш айырмашылығы жоқ.” - дейді. 20. 2005 жылы Кака өз еңбек шартын «Миланмен» тағы да бес жылға ұзартып, Карло Анчелоттиді бір қуантып тастаған еді. “Каканың бұл қадамы маған жұмыс істеуге жаңадан ынта бергендей, өйткені мұндай шәкіртті жаттықтырудың өзі де бір ғанибет” – дейді россонериліктердің бас бапкері. 21. 12 ақпанда Бразилия азаматы Кака  ресми түрде Италия азаматтығын да қатар қабылдады. 22. Мадридтік «Реалға» ауысқанымен Кака «Миланға» шын берілгендігін дәлелдеді. «Милан» – команда және Милан қала менің өмірімнің ажырамас бір бөлігіндей. Мен бұл командаға жан-тәніммен берілгенмін” – деген болатын.

Дайындаған Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×