Карло Анчелотти: «9:1 есебінен көрі 1:0 есебін таңдар едім»

06.04.2015, 14:16
Карло Анчелотти: «9:1 есебінен көрі 1:0 есебін таңдар едім»
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти «Гранадаға» қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті. Естеріңізге сала кетсек, Испания чемпионатының 29-шы турында «Реал» қонақтарды 9:1 есебімен тас-талқан еткен болатын. «Команда өзін еркін сезінді, алаң бұл байқалып тұрды. Біз матчты тамаша қарқынмен өткіздік, көп гол да соқтық. Біздің көңіліміз толады, бірақ бұл бір ғана матч. Мен 9:1 есебінен көрі 1:0 есебін таңдар едім. Криштиану команданы мықты қыла түсті. Ол алғаш рет бір ойында бес гол соғып отыр. Бұл «Реал» үшін де, Роналду үшін де тамаша ойын болды», - деді Карло мырза. Келесі турда мадридтіктер «Райо Вальеканоға» қонаққа барады.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×