Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезекті ХІІ конференциясы болып өтті. Осы жиын барысында біраз мәселенің басы шалынды. Футболды дамытудың 2016-2022 жылдарға арналған бағдарламасы таныстырылды. Бағдарламаның мақсаты балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға арналған.
Осы жиында көтерілген тағы бір мәселе, Премьер-лиганың өткізілу форматы болды. Келесі маусымда чемпионатта тағы да өзгеріс болады. Қайтадан бұрынғы жүйеге көшетін боламыз. Команда саны 12-ден асады. Ойындар екі айналым жүйесі бойынша өткізіледі. Қазіргідей екі алтылыққа бөлініп, бір командамен 4 рет кездесу деген болмайды.