Карло Анчелотти "Реал Мадридті" Гвардиоланың "Барселонасымен" салыстырды

21.11.2014, 05:02
Карло Анчелотти "Реал Мадридті" Гвардиоланың "Барселонасымен" салыстырды
Корольдік клубтың бас бапкері Карло Анчелотти Гвардиола баптаған кездегі "Барселонамен" өз командасы арасында ұқсастық көреді екен. AS басылымына берген сұхбатында ол әрқашан да шабуылды футболды жақсы көретінін айтты. Өзі, футболшыларынан тек допқа иелік етіп қана қоймай, одан жылдан нәтиже шығаруды талап етеді екен. Сондықтан да, бүгінгі Реал 3-4 жыл бұрынғы "Барселонамен" ұқсас деп шешіпті. Иә, осылай салыстырған дұрыс секілді. Мен, футболшылардан допқа иелік етіп қана қоймай, оны тезірек қарсыластың айып алаңына жеткізуді талап етемін. Статистикада басым түсу үшін ғана доптың әрі-бері домалатып сенделіп жүргенін қаламаймын. Доптың алдын ба, жылдам шабуылға көш. Бұл жағынан "Реал Мадрид" Гвардиоланың "Барселонасына" ұқсайды. Ол да футболшылардан осыны талап ететін-деп италиялық маман ойымен бөлісті.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×