Кубок кімге бұйырмақ? Баспасөз-мәслихаты

21.11.2014, 23:11
Кубок кімге бұйырмақ? Баспасөз-мәслихаты
Бүгін Астана арена стадионында Қазақстан кубогының финалдық матчы алдындағы бас бапкерлердің баспасөз мәслихаты болып өтті. Онда қайрат және Ақтөбе командаларының бапкерлері сөз сөйледі.  Алдымен сөз сөйлеген Владимир Вайсс «Қайратқа» биыл кубок ауадай қажет екендігін жеткізді. Владимир ВАЙСС «ҚАЙРАТ» ФК  БАС БАПКЕРІ -   Қайрат командасы маусым соңында чемпиондықтан айырылды. Одан кейін тіпті, күміс жүлдені де қолдан шығарып алдық. Ендігі қалып отырғаны кубок. Сол Қазақстан кубогының иегері атансақ барлығын жуып-шаюға болар еді. Ертең жанкүйерлердің қолдауына сенеміз. Кубокты басқа көтеретін шығармыз деген үміттемін. Астана арена стадионында ойын алдындағы жаттығуларын жасаған қос команда футболшылары, финал алдында жақсы көңіл-күйде болды. Қайрат футболшылары жасанды алаңға бой үйретіп жаттықса, ақтөбеліктер көбінесе комбинациялық ойынға көңіл бөлді. Себебі, ақтөбеліктер Елордаға осыдан 5 күн бұрын келіп, кішігірім оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын. Владимир ГАЗЗАЕВ «АҚТӨБЕ» ФК  БАС БАПКЕРІ -         Қарсыласымыз «Қайрат» өте даңқты ұжым. Қарсыласты сыйлаймыз. Бар мақсатымыз ертеңгі ойында болып отыр. Командадан кім кетіп, жаңадан кім келетіні жайлы тіпті ойлағым да келмейді. Менің де, футболшылардың да барлық мақсаты кубокты жеңіп алу. Біз сол үшін ертеңгі матчта қолдан келгеннің барлығын аямаймыз. Сондай-ақ бапкердің айтуы бойынша командада ешқандай да жарақат алған ойыншы жоқ. Маусым бойы қосалқы құрамда отырған Андрей Харабара да көпшілікпен бірге жаттығу жасауда. Естеріңізге сала кетейік бұл командалар арасындағы финалдық ойынды сіздер ертең Казспорт арнасында 14-40-минутта тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×