Карло Анчелотти тарихи рекорд орнатты

01.05.2022, 18:10
Мадридтік клуб «Ювентустың» рекордын жаңартты.
Карло Анчелотти тарихи рекорд орнатты

«Реал Мадрид» Ла Лиганың 34-ші туры аясында каталондық «Эспаньолды» 4:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын чемпион атанды.

Мадридтік клубтың бас бапкері Карло Анчелотти алғаш рет Испания чемпионатында топ жарды. Осылайша, италиялық маман Еуропадағы топ-5 лиганың барлығында чемпион атанған алғашқы бапкер атанды.

«Эмоцияларды сөзбен жеткізе алмаймын. Біз тапсырманы орындадық. Маусым өте әсерлі болды. Мен ойыншыларға жұмысы мен көзқарасы үшін алғыс айтуым керек. Бүгін біз сөйлеспей, тек тойлауымыз қажет.

Еуропаның үздік 5 лигасында жеңіске жету мені мақтаныш сезіміне бөледі. Мен өз ісімді жақсы көремін және мақтан тұтамын. Бұл менің жақсы нәтижелерге қол жеткізгенімді білдіреді. Мен «Реал Мадридпен» көптеген титулдарды жеңіп алғым келеді», - деді Анчелотти.

Айта кетейік, Анчелотти бұған дейін Италияда «Миланмен», Англияда «Челсимен», Францияда «Пари Сен-Жерменмен» және Германияда «Бавариямен» чемпион атанған болатын.

Мадридтік клуб 35-ші рет Ла Лигада топ жарды және ел чемпионаттарындағы жеңістер саны бойынша топ-5 лигадағы командалар арасында бірінші орынды иеленді. Бұған дейін көш басында 34 трофейі бар «Ювентус» тұрған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×