«Реал Мадрид» мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанды

01.05.2022, 15:38
Мадридтік клуб өз тарихында 35-ші рет Испания чемпионы атанды.
«Реал Мадрид» мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанды

Кеше, 30 сәуірде «Реал Мадрид» Ла Лиганың 34-ші туры аясында каталондық «Эспаньолды» ойсырата (4:0) жеңді.

Осы жеңістің арқасында «Реал» Испанияда мерзімінен бұрын чемпион атанды. Мадридтік клуб 34 турдан кейін 81 ұпай жинады. Ал екінші орында тұрған «Севильяда» 64 ұпай, үшінші орында тұрған «Барселонада» 63 ұпай бар. Екі команданың да «Реал Мадридті» қуып жетуге мүмкіндігі қалмады.

«Реал Мадрид» өз тарихында 35-ші рет Испания чемпионы атанды. Лига титулдарынан басқа, мадридтік клуб 19 мәрте Испания кубогін, 11 рет Суперкубокті және бір рет Лига кубогін жеңіп алды.

Қалған төрт турда «Реал Мадрид» «Атлетико Мадрид», «Леванте», «Кадис» және «Бетиспен» ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×