Нұралы Әліп Ресей чемпионы атанды

01.05.2022, 15:21
Оның командасы мерзімінен бұрын чемпион атанды.
Нұралы Әліп Ресей чемпионы атанды

Қазақстан құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсететін «Зенит» футбол клубы мерзімінен бұрын Ресей Премьер-лигасының чемпионы атанды.

Ресей чемпионатының 27-туры аясында Санкт-Петербургтік клуб өз алаңында мәскеулік «Локомотивті» қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Әліп негізгі құрамда шығып, екінші таймда алаңдағы орнын командаласына босатып берді. Қыста ол «Зенитке» жыл соңына дейін жалға берілген болатын. Содан бері ресейлік клуб үшін РПЛ-да жеті ойын өткізді.

Осылайша, «Зенит» 27 ойында 61 ұпай жинады. Екінші орында келе жатқан мәскеулік «Динамода» 52 ұпай бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×