«Каспий» Қазақстан кубогіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

30.07.2022, 04:00
Ақтаулық клуб соңғы алты матч бойы жеңістің дәмін татпаған еді.
«Каспий» Қазақстан кубогіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Қайсар» Қазақстан кубогінің төртінші турында «Каспиймен» кездесті. Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда ө кен матч 1:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 56-минутында Еркебұлан Нұрғалиев мергендігімен көщге түскен еді, 83-минутта Шафик Тигруджа гол соқты. Бірақ тқрт минуттан кейін Жоао Педро есеп айырмасын қысқартты.

«Қайсар» – «Каспий» – 1:2

«Қайсар»: Нұрымжан Салайдын (қ) – Константин Горизанов, Жоао Педро, Артём Дылевский, Абылайхан Төлегенов (к), Аян Құлмағанбетов – Демият Сламбеков, Сергей Бондаренко – Елжас Алтынбеков, Өркен Махан, Нұрбол Әнуарбеков;

«Каспий»: Нұрлыбек Аязбаев (қ) – Максим Ваганов, Артем Барановский, Ерлан Қадырбаев, Қуандық Нұрсұлтанов – Шафик Тигруджа (к), Еркебұлан Нұрғалиев, Рати Арзадишвили – Павел Киреенко, Аслан Әділ, Алмас Арменов;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×