Кьезаға талас басталды

10.04.2020, 22:40
Кьезаға талас басталды

La Gazzetta dello Sport газетінің хабарлауынша "Фиорентина" клубының шабуылшысы Федерико Кьеза италиялық алпауыт клубтардың қызығушылығын тудыртыпты. 22-жастағы шабуылшыны "Ювентус" сатып алғысы келеді екен. Онымен қоса енді форфардты "Интер" де өз қатарына қосқысы келетінін ресми түрде айтып отыр. Бірақ, Федериконың қазіргі трансферлік бағасы қанша екені нақты белгісіз. Оның келісімі 2022 жылға дейін есептелген. Сондықтан "Фиорентина" қомақты қаржыға сататыны анық.

Айта кетуіміз керек Федерико атақты шабуылшы Энрико Кьезаның ұлы. Әкесі кезінде сұрмерген шабуылшы болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×