
«Копенгаген» - «Челси» - 1.65
Даниялық команда плей-офтағы бірінші кедергі «Хайденхаймның» өзінен әрең өткен. Енді «Челсиден» айласын асыра ала ма?
«Копенгаген» - «Хайденхайм» жұбы КЛ-ның 1/16 финалдық кезеңінде нағыз драма тарту еткен. Даниялықтар өз алаңында есе жіберіп, қонақта қарымтасын қайтара алды. Ал турнирдің негізгі кезеңін даниялықтар 18-орынмен аяқтаған болатын. Дания Суперлигасында «Копенгаген» бірінші орында келеді, бірақ «Мидтьюланн» екеуінің арасын бірақ ұпай бөліп тұр.
«Челси» АПЛ-де бесінші. Маресканың командасы бір ұмтылса үздік үштіктің қатарына да ене алады – «Нотингем Форест» қол созым екі ұпай қашықтықта ғана. Ал Конференциялар Лигасында лондондықтар ешқандай талассыз басты фавориттің бірі. Негізгі кезеңді бірінші орынмен аяқтады.
Болжам – бүгінгі матчта қонақтар кемі екі гол соғуы тиіс. Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде бұл нұсқаға 1.65 коэффициентімен бәс тігуге болады.
«Бетис» - «Витория Гимарайнш» - 2.15
Мануэль Пелегринидің командасы Ла Лигада сұрапыл – соңғы үш кездесуде «Реал» Мадрид, «Реал Сосьедад» пен «Хетафені» тізе бүктірді. Қазір турнирлік кестеде алтыншы тұр. Ал Конференциялар Лигасында негізгі кезеңде тұрақсыздық танытып, үздік сегіздіктің қатарынан іліге алған жоқ (18-орын). Сондықтан, 1/16 да біраз «терлеуге» тура келген еді, алайда, «Гентты» бірінші бәсекеде-ақ ойсыратып (3:0) мәселені о баста-ақ шешіп тастады.
«Витория Гимарайнш» биыл еурокубоктік сайыста көпшілікті таңқалдыруда – негізгі кезеңде бірде-бір жеңіліс жоқ және «Челсиден» кейінгі екінші орын. Ал ішкі біріншіліктегі жағдайы тәуір деуден алыс – Луйш Фрейренің командасы бар болғаны 7-орынды қанағат тұтуға мәжбүр.
Бұл ойында қос команда гол салады деген вариант ойнап кететіндей көрінеді. Оны таңдағандар 2.12 коэффициентімен бәс тіге алады.
«Панатинайкос» - «Фиорентина» - 1.77
Руй Виторияның командасы 1/16-дан әрең өткен – исландияның «Викингуры» тегеурінді қарсылық таныта алды. Ал енді одан әлдеқайда азулы қарсылас күтіп тұр. Грекиялықтар өз чемпионатында үшінші орында келеді. Ал Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінде грекиялық ұжым 13-орын алған еді.
«Фиорентина» А Сериясында үздік алтылықтың қатарынан көрінуді көздеген, қазір команда жетінші орынға жайғасқан. Қаңтардағы қатарынан үш ойынға жалғасқан сәтсіз серияға өткен жолы «Леччені» жеңген (1:0) матчпен нүкте қойды. Ал КЛ-ның негізі кезеңінде флорентиялықтар ешқандай қиындықсыз үшінші орын алып, плей-офтың 1/8 финалына шықты.
Біздің болжам – қонақтар екінші таймда гол салады. Бұл нұсқаның коэффициенті 1.77.
Біздің серіктес: FONBET