Король қайта оралды

10.01.2014, 00:27
Король қайта оралды
Католондық жанкүйерлердің қуанышына орай әлемнің 4 дүркін алтын доп иегері алаңға, 2 айдан соң жарақатынан айығып қайта оралды. Херардо Мартино шешімі бойынша алаңға бірінші минуттардан шықпағанымен, екінші таймның аяқ жағында алаңға шығып матч нүктесін қойды. Аргентиналық ойыншы дер кезінде керек жерден табыла кетіп, 3 минут үшін өз еншісіне дубль жазып, 2 ай жасыл алаңға шықпаса да өз бабында екенін көрсетті. Бұл Барселона үшін қуанышты жағдай. Біріншіден, алаңға команда лидері оралуы болса, екіншіден алдымыздағы демалыста болатын Атлетикомен ойын алдында бұл психологиялық басымдылық болмақ. Барселона-Хетафе-4:0(1:0) Голдар: Фабрегас 8 Фабрегас 63(пенальтиден) Месси 90 Месси 90+3     Жолдаған: Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×