Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек орнынан кетті. Бұл жөнінде Қазақстан Футбол Федерациясының сайты мәлімдеді. 2013 жылдың 31 желтоқсанында келісім-шарт мерзімі аяқталған Беранектің орнына жақын арада жаңа бапкер тағайындалатын болады.
" Менің Қазақстан Футбол Федерациясымен арадағы келісімім аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға ұсыныс түскенде мен оны жаңа әрі қызықты ұсыныс ретінде қабылдадым. Өз таңдауыма еш өкінбеймін. Сіздердің елдеріңізде барлық жағдай орын алды, ұттық, ұтылдық, тең түстік, бірақ біз бәрібір мықты команда болдық. Әрқашан жүрекпен, намыспен ойнауға тырыстық. Мен қай жерде жұмыс жасасым да Қазақстанды, ондағы өткізген әрбір күндерімді сағынышпен еске алатын боламын. Бұл елде менің достарым пайда бола бастады және мен Қазақстанға жанымның бір бөлігін қалдырдым ! "
Біз де сізге алғыс білдіреміз Беранек мырза! Әрқашан биіктерден көрініп, бапкерлік ғұмырыңыз қуаныштар мен жетістіктерге толы болғай.
Еске сала кетейік, 9 қаңтар күні ҚФФ басшылығы чех маманына қазақы жапан жауып, еңбегі үшін ерекше құрмет көрсетті.
Беранек 2011 жылы ұлттық құрама тізгінін өз қолына алып, 3 жыл Қазақстан ұлттық құрамасына басшылық етті.
Абылайхан ЖҰМАШ