Көш басында Астана

06.04.2014, 19:17
Көш басында Астана
Қазақстан Премьер Лигасының 4-ші туры да өз мәресіне жетті. Турнир кестесінің бірінші сатысына елордалық "Астана" командасы жайғасты. Ал алматылық "Қайрат" алғашқы жеңісіне қол жеткізді.  ҚПЛ - дағы сараптамаға да зер сала отырайық. Ел чемпионатының 4 - ші турында барлығы 6 гол соғылды. 4 жеңіс, 4 жеңіліс, 2 тең ойын тіркелді.  4 ойында ең көп гол соққан қарағандылық "Шахтер" командасы болды. Еншісінде - 7 гол бар. Ең көп гол жіберген "Тараз" командасы. Барлығы 8 гол жіберген. 4 ойын бойы жеңіліп көрмеген 4 команда қалды. Олар "Астана", "Ақтөбе", "Жетісу", "Атырау" командалары. Ал "Спартак" пен "Тараз" командалары 4 бойы жеңіске жетіп көрмеген.   "Астана" мен "Тараз" командаларының арасындағы ойында қай команданың жеңіске жететінін көпшілік жанкүйерлер іштей бағамдап қойған. Төрешінің ысқырығы естіле сала "сары жолақтылар" шабуылға лап қойды. "Астана" командасының футболшылары Рамиль Нұрмухаметов қорғаған қақпаға жиі соққы бағыттап, жылдам гол соғып алуды көздеген. "Тараз" футболшылары да қарымта шабуылға шығып отырды. Ойын алаң иелерінің басымдылығымен өтті. Жалғыз голдың авторы - Бауыржан Джолчиев ойынның 62 минутында Нөсербаевты алмастырған болатын. Айналдырған 4 минуттың ішінде Фокси Кетевоаманың пасын голға айналдырып, өз командасына жеңіс сыйлады. «Астана» — «Тараз» 1:0 (0:0) Гол соққан: Джолчиев 66 (1:0) Ескерту алғандар: Ахметов 18, Щеткин 27, Баройлет 34 «Астана»: Логиновский, Пикалкин, Дмитренко, Аничич, Ахметов, Нөсербаев (Джолчиев 62), Шахметов, Каньяс, Кояшевич (Мужиков 78), Кетевоама (Нұрдаулетов 89), Сисеро. Қосалқы құрам: Төлебаев, Қуат, Брессан, Курдов «Тараз»: Нұрмұхаметов, Скорых, Уббинк (Тілешов 78), Голич, Баройлет (Сергиенко 55), Евстигнеев Д, Евстигнеев В, Рок, Воротников, Әмірханов (Баялиев 55), Щеткин. Қосалқы құрам: Банджар, Досмағамбетов, Байтана, Бабаханов Төрешілер: Д.Измайлов (Талдықорған), С.Жаппасбаев, Г.Айжігітов (екеуі де — Қызылорда) 5 сәуір. Астана. «Астана Арена»  Қарағандылық "Шахтер" сырт алаңда семейлік "Спартактан" басым түсті. Ойынның бірінші бөлігінде қонақтар ойынды белсенді бастады. Допқа көп иелік етіп, қауіпті шабуылдар ұйымдастырумен болды. 28 минутта "Шахтер" қорғаушысы  Василевич оңтайлы сәтті пайдаланып, есеп ашты. Ойынның соңғы минуттарында "Спартак" командасында гол соғатын мүмкіндіктер болған. Алайда, «Шахтер» қақпашысы Александр Мокин өз қақпасын голдан аман сақтап қалды. «Спартак» — «Шахтер» 0:1 (0:1) Гол соққан: Василевич 28 (0:1) Ескерту алғандар: Вичюс 9, Сағындықов 21, Жаңғылышбай 27, Овшинов 43, Қонысбаев 57, Азовский 70, Алаңнан қуылғандар: Фернандес 45, Тұрысбек 45 «Спартак»: Бойченко, Куцов, Генев, Овшинов, Сағындықов, Азовский (Ковачевич 76), Дюлгеров (Пеев 69), Ахметов (Нұрғалиев 30), Йованович, Тұрысбек, Сахалбаев «Шахтер»: Мокин, Симчевич, Малый, Василевич, Фернандес, Порываев, Финонченко (к), Қонысбаев (Байжанов 77), Вичюс, Саломов (Топчагич 66), Жаңғылышбай (Лунин 53) Бас төреші: Александр Гаузер (Петропавл). Фото с матча Премьер-Лиги «Кайсар» — «Кайрат» 0:1 Қызылордалық жанкүйерлер бұл ойынды асыға күткен болатын. "Қайсар" да қайсарлық танытып, жеңіске жетуді көздеген. Ал "Қайраттың" жағдайы айтпаса да түсінікті еді. 3 ойын ұтылып, қарсылас команданың қақпасына гол да сала алмаған. Бұл Вайсс мырзаның соңғы мүмкіндігі болатын. Сонымен ойын басталды. Қос команданың жеңіске деген жігері желдей есіп тұрған сәт. Алма - кезек шабуылдар. Гол соғатын тамаша мүмкіндіктер болғанмен, теңбіл доп қақпаға дарымай-ақ қойды. Ойын аяқталар тұста "Қайрат" сапынан Аслан Дарабаев гол соғып, алматылық ұжымға маңызды 3 ұпайды алып берді. «Қайсар» — «Қайрат» 0:1 (0:0) Гол соққан: Дарабаев 89 Ескерту алғандар: Розыбакиев 25, Дәуітов 38, Кляйн 89 — Маркович 56 «Қайсар»: Прядкин, Дәуітов, Кулибали, Кляйн, Кунов, Шестаков, Марушко, Землянухин (Мошников 71), Розыбакиев (Калинин 84), Савич, Струков (Молдақараев 64) Қосалқы құрам: Короткевич, Яблан, Алтаев, Шевцов «Қайрат»: Хомич, Кислицын, Смақов, Маркович, Плиев, Едигарян (Кнежевич 75), Бакаев, Исламхан (Бауыржан 79), Лачны (Седельников 90+), Дарабаев, Сиссей Қосалқы құрам: Лория, Рудосельский, Қуантаев, Нехтий Төрешілер: Хисамутдинов (Павлодар), Шәріпов (Атырау), Попов (Павлодар) 5 сәуір. Қызылорда. «Локомотив» алаңы. 4000 жанкүйер.
Фоторепортаж с матча Премьер-Лиги «Атырау» — «Актобе» 0:0
Нағыз дерби мұнайлы Атырау өлкесінде өтті. Батыстың қос командасы да жаңа маусымда жеңілмеген. Осы жылы "Атыраудың" құрамы күшейген. Уақыт өткен сайын өзіндік ойын мәнерін қалыптастырып келеді. Ал "Ақтөбе" тек жоғарғы орыннан көрініп жүрген командалардың бірі болатын. Тойдың боларынан, боладысы қызық демекші, ойынның басталуын асыға күттік. Ойын алаң иелерінің белсенді шабуылымен басталды. Кім қожайын екенін танытқысы келген болар, шамасы. Шабанов пен Сидельниковтің қақпасына соққылар бірінен соң бірі бағытталып жатты. Алайда, қос қақпашы да шеберліктерінің арқасында сенімді қимылдай білді. Ойынның 63 минутында Валерий Коробкин екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Никитенко мырза шабуылшы Зеньковичтің орнына Асхатты шығарып, ойын жүйесіне өзгеріс енгізді. "Ақтөбе" қорғанысқа көше бастады. Ал алаң қожайындары шабуылын үдете түсті. Ойынның  76-ы минутында  Эссаменің пасына бірінші боп жеткен Трифунович Сидельниковтың қақпасына гол соққан. Қапталдағы төреші жалаушасын көтерді. Ойыннан тыс қалған серб шабуылшысының голы есепке алынбады. Ойын аяқталды. Қос команда тең тарқасты. «Атырау» — «Ақтөбе» 0:0 Ескерту алғандар: Карпович 38, Абдулин 90 — Логвиненко 48, Коробкин 63, Бадло 82 Алаңнан қуылды: Коробкин 64 «Атырау»: Шабанов, Бутуев, Одибе, Абдулин (к), Афанасьев, Карпович, Эссаме, Рудик (Пархачев 61), Пейкришвили (Нұрыбеков 67), Трифунович, Блажич Қосалқы құрам: Цирин, Шакин, Гридин, Кучук, Нсереко «Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло (к), Мирошниченко, Арзуманян, Шабалин, Коробкин, Логвиненко, Гейнрих (Неко 78), Зенькович (Тағыберген 69), Кападзе Қосалқы құрам: Нәрзіқұлов, Харабара, Царикаев, Айымбетов, Пиззелли Төрешілер: Рахымбаев (Алматы), Әубәкіров (Астана), Сүйінов (Павлодар) 5 сәуір. Атырау. «Судоремонтник» алаңы . 3500 жанкүйер.       "Ордабасы" командасы өз алаңында қостанайлық "Тобылды" қабылдады. Командаға жаңадан бапкер боп тағайындалған Саулюс Ширмялис Тобылмен ойынға тыңғылықты дайындалған. Оның шәкірттері де бүгінгі ойынға сақадай сай болатын. "Тобылды" тобықтан шалып, үш ұпайды еншілейміз деп желпіне шыққан алаң иелері жарты сағат бойы гол соға алмады. 31 минутта Диакате есеп ашып "Ордабасыны" есепте алға шығарды. Ойынның екінші бөлігінде Юнузович дубль жасап, "Ордабасыны" жеңіске жетеледі. «Ордабасы» — «Тобол» 3:0 (1:0) Гол соққандар: Диакате 31, Юнузович 68, Юнузович 81 Ескерту алғандар: Мұхтаров 22, Әшірбеков 48, Диакате 65 — Кургулин 22, Шливич 85 «Ордабасы»: Цветков, Фрейре, Мұхтаров, Мвесигва, Сүйімбаев, Левин, Диакате, Гетериев, Касьянов (Черны 86), Әшірбеков (Нұрғалиев 70), Юнузович (Тәжімбетов 87) Қосалқы құрам: Григоренко, Тұңғышбаев, Төлебек, Бейсенов «Тобол»: Сатыбалдин, Кучера, Тонев, Кургулин (Малышев 71), Волков, Шливич, Жұмасқалиев (Бугаев 46), Шимкович (Красич 80), Гикиевич, Йеслинек, Аслан Қосалқы құрам: Сивожелезов, Әбішев, Кушнир, Шкот Төрешілер: Ысқақов (Астана), Журавлев (Павлодар), Козлов (Ақтау) 5 сәуір. Шымкент. Қажымұқан атындағы алаң. 4000 жанкүйер.
«Жетысу» — «Иртыш»  34 /+8=4-22/ 33-61
Талдықорғандық "Жетісу" көпшілікті таңғалдыруда. Тетрадзе шәкірттері ҚПЛ - да 4 ойын бойы жеңілмеген 4 команданың бірі. Ойын тең дәрежеде өтті. Жетісу да, Ертіс те бір-біріне гол соға алмай, 1 ұпайды теңдей бөлісті. «Жетісу» — «Ертіс» 0:0 Ескерту алғандар: Заречный 38 — Коробов 11, Мұхутдинов 24, Джудович 42, Бурзанович 66 «Жетысу»: Пасеченко, Шафф (Тәтішев 56), Джалович, Заречный (Демель 67), Ковалев, Климавичус, Данилюк (Эсатов 73), Родионов, Тотай, Әділханов, Путинчанин Қосалқы құрам: Плотников, Шаихов, С. Сариев, Нүсіпжанов «Ертіс»: Котляр, Джужович, Говедарица, Бакаев (Бегалин 46), Аманов (Юрин 59), Мұхутдинов, Хлебоун, Бурзанович, Сартаков, Коробов, Аверченко (Қожабаев 74) Қосалқы құрам: Калмыков, Аяғанов, Чернышов, Иванов Төрешілер: Тевяшов (Орал), Шабанов, Тергеусізов (екеуі де — Алматы) 5 сәуір. Талдықорған. «Жетісу» алаңы. 3000 жанкүйер
                                                                                                             Турнир кестесі
1  АСТАНА 4 3 1 0 3-0 10
2  АҚТӨБЕ 4 2 2 0 6-1 8
3  ЖЕТІСУ 4 2 2 0 3-0 8
4  АТЫРАУ 4 2 2 0 2-0 8
5  ШАХТЕР 4 2 1 1 7-3 7
6  ОРДАБАСЫ 4 2 0 2 4-2 6
7  ЕРТІС 4 1 2 1 1-1 5
8  ҚАЙСАР 4 1 1 2 1-2 4
9  ТОБЫЛ 4 1 1 2 2-6 4
10  ҚАЙРАТ 4 1 0 3 1-3 3
11  СПАРТАК 4 0 1 3 1-6 1
12  ТАРАЗ 4 0 1 3 1-8 1
  Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×