Неміс Бундеслигасы. "Бавария" жеңілді

07.04.2014, 03:35
Неміс Бундеслигасы. "Бавария" жеңілді
Нағыз сенсация Германияда болды. Бір аптаның ішінде 3 ойын өткізген "Бавария", 3 ойында да қарсыластарынан айласын асыра алған жоқ. Алдымен өз алаңында "Хоффенхайммен" тең түсті, кейін "Олд Траффордтағы" тең нәтиже, бүгін міне ортаң қол команда "Аугсбургқа" жеңілді. Бұл ұжым Бундеслигада өз тарихында ең сәтті маусымын өткізіп жатыр. Онымен қоса, бүгін 2012-ші жылдан бері чемпионатта жеңіліп көрмеген "Баварияны" тізе бүктірді. Сәтті маусым. Әрине, "Бавария" жеңілді. Бірақ, бұл жеңілістің себептері жоқ емес. Біріншіден, олар чемпиондық тағдырын шешіп қойды, командада чемпионатқа деген жоғары деңгейде мотивация жоқ, екіншіден Пеп Гвардиоланың бар ойы бүгінгі матчта емес, 4 күннен кейін "Альянс-Аренада" өтетін Чемпиондар Лигасының қарымта кездесуінде болғаны анық.  Оған матчқа қатысатын футболшылар тізімінен де аңғаруға болады. Германияда кімге жеңілсе де, олардан кем дегенде бұл маусымдағы чемпион деген атағын ешкімде тартып ала алмайды.

5 сәуір. Аугсбург. Стадион "SLG-Арена". Төреші - Мануэль Грефе (Берлин).

АУГСБУРГ - БАВАРИЯ - 1:0 (1:0)
 Молдерс, 31 (1:0).
Аугсбург Бавария
 Марвин Хитц  Мануэль Нойер
 Маттиас Острзолек  Илли Саллахи, 51
 Хонг Юнг Хо, 76  Хави Мартинес
 Ян-Ингвер Калльсен-Браккер  Даниэль Ван Бюйтен
 Паул Верхаг  Митчелл Вайзер
 Доминик Кор  Тони Кроос
 Даниэль Байер  Бастиан Швайнштайгер
 Рафаэль Хольцхаузер, 54  Пьер-Эмиль Хойбьерг
 Халил Алтынтоп  Джердан Шакири, 46
 Александр Эссвайн  Клаудио Писарро, 63
 Саша Молдерс, 83  Марио Манджукич
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Ронни Филип, 54  Марио Гётце, 46
 Доминик Райнхардт, 76  Давид Алаба, 51
 Рауль Бобадилья, 83  Томас Мюллер, 63

Ескертулер:

 Хонг Юнг Хо, 58  Даниэль Ван Бюйтен, 82
 Маттиас Острзолек, 64  Митчелл Вайзер, 84
 Ян-Ингвер Калльсен-Браккер, 85  

 

Ал, 29-шы турдың орталық матчы Дортмундта, "Бруссия Д"-"Вольфсбург" командаларының арасында болды. Құрамында тәжірбиелі Олич бар "қасқырлардың" биылғы қарқыны жаман емес. Маусымды сәтсіз бастағанмен де, соңғы кездері жеңіске жиі жетіп, тіпті Чемпиондар Лигасына жолдама берер орындардан үмітті. "Боруссияның" жайы қиындау. Аптаның ортасында Испанияда, "Реал Мадридтен" ойсырай жеңілген Клопп шәкірттері, ендігі бар күшін чемпионаттағы екінші орнын сақтап қалуға сарпиды. Бүгінгі "Боруссия" екі алаңда бірдей шайқаса алмайды. Оған себеп, футболшылардың немесе Клопптың осалдығы емес, жарақат атты сәтсіздік. Чемпиондар Лигасында өз алаңында "король клубын" талқандайды дегенге сену қиын. Бүгінгі ойында маңызды жеңіске жетті. Бірінші таймды сылбыр өткізгенімен, екінші таймда ойын тізгінін өз қолдарына алып, Левандовски мен Ройстың голдарының арқасында 3 ұпайды қанжығаға байлады.

5 сәуір. Дортмунд. Стадион "Сигнал Идуна Парк". Төреші- Кнут Кирхер (Роттенбург).

БОРУССИЯ Д - ВОЛЬФСБУРГ - 2:1 (0:1)
 Олич, 34 (0:1). Левандовски, 51 (1:1). Ройс, 77 (2:1).
Боруссия Д Вольфсбург
 Митчелл Лангерак  Макс Грюн
 Кевин Гросскройтц  Рикардо Родригес
 Матс Хуммельс  Робин Кнохе
 Сократис Папастатопулос  Налдо
 Лукаш Пищек  Кристиан Треш, 69
 Себастьян Кель  Бернард Маланда, 79
 Нури Шахин, 46  Луис Густаво
 Марко Ройс  Кевин Де Брюйне
 Генрих Мхитарян, 76  Максимилиан Арнольд
 Пьер-Эмерик Обамеянг, 46  Иван Перишич
 Роберт Левандовски  Ивица Олич
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Милош Йойич, 46  Патрик Охс, 69
 Эрик Дурм, 46  Даниэль Калиджиури, 79
 Оливер Кирх, 76  

Ескертулер;

 Нури Шахин, 37  Кристиан Треш, 32
 Милош Йойич, 55  

 

Неміс Бундеслигасының 29-шы турының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар: Гамбург-Байер-2:1 Голдар: Калханоглу, 4 (1:0). Брандт, 58 (1:1). Вестерманн, 82 (2:1). Штутгарт-Фрайбург-2:0 Голдар: Максим, 69 (1:0). Харник, 89 (2:0). Вердер-Шальке 04-1:1 Голдар: Ди Санто, 15 (1:0). Горецка, 33 (1:1). Нюрнберг-Боруссия М-0:2 Голдар: Аранго, 17 (0:1). Крузе, 79 - пенальтиден (0:2). Айнтрахт Ф-Майнц-2:0 Голдар: Хоселу, 52 (1:0). Майер, 85 (2:0). Айнтрахт Б-Ганновер-3:0 Голдар:  Кумбела, 14 (1:0). Нильсен, 21 (2:0). Хохшайдт, 89 (3:0).

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  БАВАРИЯ 29 25 3 1 82-17 78
2  БОРУССИЯ Д 29 18 4 7 64-32 58
3  ШАЛЬКЕ 04 29 16 7 6 54-38 55
4  БОРУССИЯ М 29 14 6 9 51-34 48
5  БАЙЕР 29 15 3 11 48-36 48
6  ВОЛЬФСБУРГ 29 14 5 10 49-44 47
7  МАЙНЦ 29 13 5 11 41-45 44
8  АУГСБУРГ 29 12 6 11 41-43 42
9  ХОФФЕНХАЙМ 28 9 9 10 63-62 36
10  ГЕРТА 28 10 6 12 36-39 36
11  АЙНТРАХТ Ф 29 9 8 12 37-48 35
12  ВЕРДЕР 29 8 9 12 34-55 33
13  ГАННОВЕР 29 8 5 16 36-54 29
14  ФРАЙБУРГ 29 7 8 14 33-52 29
15  ШТУТГАРТ 29 7 6 16 44-57 27
16  ГАМБУРГ 29 7 6 16 45-60 27
17  НЮРНБЕРГ 29 5 11 13 34-54 26
18  АЙНТРАХТ Б 29 6 7 16 28-50 25

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×