Криштианның ерлігі

20.11.2013, 18:21
Криштианның ерлігі

Кеше Еуропаның төрт мемлекетінде Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама беретін өтпелі ойындар болып өтті. Оның бірінде Швеция құрама командасы өз алаңында Португалияны қабылдады. Криштиану Роналду бастаған жігіттер өз алаңдарында өткен кездесуде 1-0 есебімен жеңген болатын.  Енді баста мақсат сырттағы кездесуде жеңілмеу еді. Ойын алдында Роналду мен Ибрагимовичтің теке тіресі туралы да көп сөз болған. Сол екі жұлдыз ойынның тағдырын өз қолдарымен жасады. Ойынның 50-минутында Криштиану алғашқы голды соғып, есепті ашты. Ал 68-минутта Ибрагимович есепті теңестірді. Және одан кейін Златан өзі сол есепті еселей түсті. Бірақ араға 5 минут салып Роналду қайтадан есепті теңестірді. Осы кездесуде жолы болған Криштиану көптеген жанкүйерлердің ризашылығына бөленді. Кездесудің 79-минутанда үшінші голын соғып, хет-трик жасаған португал футболшысы биылғы жылдың үздік футболшысы атағына бірден-бір кандидат ретінде аталуда.

Өзге ойындардың қорытындысында Франция Украинаны 3-0 есебімен жеңді. Хорватия Исландияны 2-0 ұтып, Әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл қатарда Румындармен тең түскен Гректер де бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Криштианудың хет-тригі
Серіктес жаңалықтары
×