Кубок иегерлерінің кубогі

14.11.2013, 19:40
Кубок иегерлерінің кубогі
"Кубок иегерлерінің кубогі"- бұл турнирді бірі білсе бірі біле бермейді. Сондықтан осы турнирдің тарихына үңіліп, ең қызық, есте қаларлық нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз. Бұл турнир негізінен 1960 жылы Еуропада өткізіліп бастаған турнир. Аты айтып тұрғандай бұл турнирге Еуропаның 49 елінің кубок иегерлері қатысатын болған. Кейін 1999 бұл турнирді "УЕФА Кубогіне"(қазіргі Еуропа лигасына) қосып жіберген. Сонымен 39 жылдық тарихы бар бұл айтулы жарыстың тарихындағы ең қызықты мәліметтер: -"Кубок иегерлерінің кубогін" ең алғаш ұтып алған клуб Италиялық Фиорентина(1961). Ең соңғы кубогін тағы бір Италиялық клуб Лацио(1999) жеңіп алған. -"Кубок иегерлерінің кубогін" ең көп ұтқан командалар: 1.Барселона(Испания)- 4 (1979,1982,1989,1997). 2.Андерлехт(Бельгия)-2 (1976,1978). 3.Милан(Италия)-2 (1968,1973). 4.Челси(Англия)-2 (1971,1998). -Тоттенхэм ағылшындық клубтардың ішінде бірінші болып жеңіп алған, яғни 1963 жылы. -Бобби Мур(Вест Хэм) "Уэмблиде" төбесіне үш мәрте кубок көтерген алғашқы капитан, яғни 1965жылы "Кубок иегерлерінің кубогын", Ағылшын кубогін және 1966 жылы Әлем Чемпионатын жеңіп алған. -Бельгиялық Андерлехт үш рет қатарынан финалда өнер көрсеткен: 1975/1976, 1976/1977, 1977/1978. -"Эйзель" оқиғасынан кейін Ағылшындарға алғашқы "Кубок иегерлерінің кубогін" сыйлаған команда Манчестер Юнайтед. -1988 жылы Бельгиялық Мехелен осы турнирге алғаш рет қатысып, чемпион атанған. -Осы турнирдің ең көп финалдық сынын қабылдаған стадион- Роттердамдағы "Де Куип" стадионы 6 рет. Дайындаған: Жұмағазиев Құрмет
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×