Қазақстанға келген футболшылардың саны қанша?

14.11.2013, 20:28
Қазақстанға келген футболшылардың саны қанша?

davidov

 Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері елімізге шетелден 402 футболшы келіп, солардың 283-і қайтып кетіпті. Бұл туралы Guardian басылымы хабарлады.

Transfermarkt-тің дерегіне сүйенсек, Қазақстандағы ең қымбат футболшы Сергей Давыдов(“Ақтөбе”). Оның құны 1,8 миллион еуро. Сергей биыл “Рубиннен” 40 мың еуроға ауысып келген болатын.

Футбол тарихында тұңғыш футболшының сатылғанына 103 жыл толуына байланысты британиялық басылым барлық трансфер деректерін жинап көрген екен. Биыл «Реал Мадрид» сапына ауысқан Гарет Бэйл футбол тарихындағы ең қымбат ойыншы атанды. Оның трансферлік құны – 100 миллион еуро. Ал тұңғыш сатылған Вилли Гроувздың құны 100 фунт-стерлинг ғана болатын.

Guardian басылымы әзірлеген деректе Қазақстанға келген футболшылардың жалпы құны – 2,08 миллион еуро деп көрсетілген. Ал сыртқа сатылғандардың құны – 450 мың еуроға тең.

http://aynaline.kz/2013/11/14/qazaqstanga-kelgen-futbolshylardyng-sany-qansha.html

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×