Лионель Месси Пеленің тарихи рекордын жаңартты

10.09.2021, 12:26
Лео кешегі матчта кезекті хет-тригін жасады.
Лионель Месси Пеленің тарихи рекордын жаңартты

Аргентина мен "Пари Сен-Жермен" клубының 34 жастағы шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің 10-турында Боливия құрамасымен болған матчта хет-трик жасап, тағы бір рекордты жаңартты. Ол ұлттық құрама сапында соғылған голдар саны бойынша аты аңызға айналған Пелені басып озды.

Енді Мессидің Аргентина құрамасында 79 голы бар, ал әйгілі бразилиялық футболшы Пеле оған қарағанда екі гол аз соққан, осылайша, Лео Оңтүстік Америкадағы ұлттық құрама футболшылары арасында гол саны бойынша рекорд орнатты (КОНМЕБОЛ).

Кеше Месси Аргентина сапында 153-ші ойынына шықты. Ол 78 голдан бөлек, 52 нәтижелі пас берген. Ал 77 гол соғу үшін Пелеге 91 кездесу қажет болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×