«Арсенал» Обамеянгтың орнын басатын шабуылшы тапты

10.09.2021, 00:06
Марокколық футболшы бұл маусымды жақсы бастады.
«Арсенал» Обамеянгтың орнын басатын шабуылшы тапты

"Севилья" шабуылшысы Юссеф Эн-Несири мансабын Тұманды Альбионда жалғастыруы мүмкін. Лондондық "Арсенал" 24 жастағы марокколық шабуылшыға қызығушылық танытты, деп хабарлайды La Colina de Nervion порталы.

Дереккөздің хабарлауынша, "Арсенал" басшылығы мен жаттықтырушылар штабы Эн-Несириді клубтан кетуі мүмкін Пьер-Эмерик Обамеянгты алмастырады қарастыруда.

"Зеңбірекшілер" келесі жазда мароккалық шабуылшымен келісім-шартқа отыруды жоспарлап отыр, себебі "Севилья" маусымның ортасында негізгі ойыншылардың бірін жіберуі екіталай.

Осы маусымда Эн-Несири "Севилья" сапында үш матч өткізді, екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 40 миллион еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×