Литваны жеңген Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты

16.09.2021, 05:39
Кака шәкірттері 18 қыркүйекте Венесуэлаға қарсы кездесу өткізеді.
Литваны жеңген Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Литваны 3:0 есебімен жеңді.

23-ші секундта Тайнан Қазақстан құрамасын алға шығарды. Бұл гол турнирдегі ең жылдам гол болды. Футболшы аталмыш турнирдегі үшінші голын соқты.

Екінші тайм нәтижелі болды. 30-минутта Тайнанның пасынан кейін Дәурен Тұрсағұлов Қазақстан құрамасының есептегі басымдығын арттырды. Ал 36-минутта Альберт Ақбалықов матчтың нүктесін қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Коста-Риканы 6:1 есебімен ұтқан еді. Кака шәкірттері 18 қыркүйекте Венесуэлаға қарсы кездесу өткізеді.

Екі матчта алты ұпайдан жинаған Қазақстан мен Венесуэла құрамалары мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты. Енді қай команданың топтан бірінші орынмен шығатынын анықтау ғана қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×