Джуд Беллингем Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

16.09.2021, 08:57
18 жастағы ағылшын футболшысы Мбаппенің рекордын жаңартты.
Джуд Беллингем Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

18 жастағы "Боруссия Дортмундтың" жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Бешикташқа" қарсы өткен ойында (2:1) гол соғып, Чемпиондар лигасының тарихына өз есімін қалдырды.

OptaJoe порталы хабарлағандай, Беллингем (18 жас 78 күн) УЕФА Чемпиондар лигасының тарихында гол соққан ең жас футболшы атанды, ол француз шабуылшысы Килиан Мбаппенің (18 жас 85 күн) рекордын жаңартты.

Сонымен қатар, Джуд Чемпиондар лигасының сырт алаңдағы ойынында гол соққан ең жас ағылшын футболшысы атанды.

Беллингем осы маусымда "Боруссия" сапында барлық турнирлерде жеті ойын өткізіп, екі гол мен төрт нәтижелі пасты өз атына жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×