Рикардо Кака: «Қарқынды күшейтуіміз керек, сол кезде нәтиже өзі-ақ келеді»

16.09.2021, 16:27
Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне шықты.
Рикардо Кака: «Қарқынды күшейтуіміз керек, сол кезде нәтиже өзі-ақ келеді»

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Литваға қарсы (3:0) өткен матчқа қатысты пікір білдірді:

- Біз қорғаныста жақсы өнер көрсететін командаға қарсы ойнадық. Олар бізге ойнауға мүмкіндік берді. Біз бірінші голды өте тез соқтық, соның арқасында қарсыластар қорғаныста күшейе түсті. Біз матчты бақыладық. Біз қарқынды күшейтуіміз керек, сол кезде нәтиже өзі-ақ келеді. Ең бастысы, қақпамызға гол жібермедік. Бұл біздің команда үшін үлкен қуаныш.

Команданың бұл атмосфераға бейімделгені, сенімділіктің артуы мені қуантады. Иә, голдар көп болмағанымен, команда өз күшін сезінді, қашан ойынға қосылуды және күшін қай уақытта сақтау керектігін білді. Бұны тәжірибе деп те атайды, оны да меңгеру керек. Біз оны көрсеттік. Ең бастысы, біз қақпамызды голдан аман сақтадық. Бұл үлкен қадам болмауы мүмкін, бірақ прогресс бар. Біз осындай ойын өрнегін әр матчтан күтеміз.

Егер сіз бірінші голды соқсаңыз, екінші және үшінші голды соғу қиын болмайды деп айту оңай. Бірақ бұл жүйе жұмыс істемеді. Егер біз келесі жолы бірінші голды бірінші минутта соғатын болсақ, тоқтамау керектігін түсіндік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×