Игита: «Мен үшін бірінші кезекте қақпамызға гол жібермеу үлкен қуаныш болып саналады»

16.09.2021, 17:59
Игита екі матчта небәрі бір гол жіберді.
Игита: «Мен үшін бірінші кезекте қақпамызға гол жібермеу үлкен қуаныш болып саналады»

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игита 2021 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Литвамен болған матчқа (3:0) қатысты пікір білдірді:

- Мен бірінші ойыннан кейін жанкүйерлермен ұзақ уақыт бойы ойнамағанымызды айтуды ұмытып кетіппін. Жанкүйерлер турнир қожайындарына үлкен күш берді, сондықтан олар да жақсы ойын көрсетті. Олар біздің жұмысымызды қиындату үшін барын салды. Мен үшін бірінші кезекте қақпамызға гол жібермеу үлкен қуаныш болып саналады. Балаларға қақпаны тамаша қорғағаны үшін рахмет айтамын.

Бұл жолы бірінші матчқа қарағанда қиын болды, себебі біз бірден гол соқтық және олар кез келген уақытта жауапты голды соғуы мүмкін еді. Жылдам голдан кейін әр минут сайын концентрацияны сақтап қалу қиынға соғады. Сондай-ақ бізге үлкен күш беретін жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×