Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төрт сатыға көтерілді

16.09.2021, 20:05
Бұл рейтингке қыркүйектегі нәтижелер әсер етті.
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төрт сатыға көтерілді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ұлттық құрамалар арасында жаңа рейтингті жариялады

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы 124-орыннан 120-орынға көтерілді. Біздің құраманың еншісінде 1151.18 ұпай бар.

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіеде үш кездесу өткізді. Алдымен Талғат Байсуфинов шәкірттері Нұр-Сұлтанда Украина құрамасымен тең ойнады (2:2). Кейін сырт алаңда Финляндиядан 0:1 есебімен жеңілді, ал Босния және Герцоговина құрамасымен тең тарқасты (2:2).

Рейтингте Бельгия құрамасы көш бастап тұр (1832 ұпай). Екінші орында Бразилия (1811) болса үздік үштікті Англия (1755) құрамасы түйіндеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×