"Ливерпуль" қаңтарда Вальдесті шақырмақ

06.11.2015, 21:21
"Ливерпуль" қаңтарда Вальдесті шақырмақ
Юрген Клопптың ойынша, командаға тәжірбиелі қақпашы керек. "Манчестер Юнайтедтің" қақпашысы Виктор Вальдес өткен жылы "Барселондан" ауысып келгенімен, команда сапында екі ойын ғана өткізді. Испания ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы жарты жылдай емделді. Ал, алаңға шықпағанына да 6 айдан асып кетіпті. Енді, "Олд Траффордта" қалудың мәнісі жоқ екені түсінікті. "Ливерпульдің" тізгінін ұстаған Клооп тәжірбиелі қақпашыны командаға шақыруды көздейді. Қосалқы құрамда Миньолені алмастыратын қақпашы жоқтың қасы. Сондықтан, "қызылдар" қаңтар айында қақпашыны сатып алуы мүмкін. Немесе, маусым аяғына дейін жалға алу мүмкіндігі де бар. Виктор Вальдес "Барселона" сапында Чемпиондар Лигасын үш мәрте жеңіп алған.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×