«Ливерпуль» төрт футболшымен қоштасты

10.06.2022, 02:46
Барлығының мерсисайдтық клубпен келісім-шарты аяқталды.
«Ливерпуль» төрт футболшымен қоштасты

«Ливерпуль» ресми сайтында төрт ойыншының командадан кеткенін хабарлады.

Мерсисайдтық клуб сапында 2016 жылдан бері ойнап жүрген қақпашы Лорис Кариус, сондай-ақ командаға 2014 жылы қосылған шабуылшы Дивок Ориги мансабын басқа командада жалғастырады.

Сондай-ақ өткен маусымда басқа командаларда жалдау шарты бойынша өнер көрсеткен Шея Оджо мен Бен Вудбёрн де «Ливерпульден» кетеді.

Жоғарыда аталған ойыншылардың барлығы «Ливерпульден» еркін агент ретінде кетті - олардың клубпен келісім-шарттары маусым айының соңында аяқталады.

Дивок Ориги «Ливерпуль» жейдесінде 175 ойынға қатысып, 41 гол соқты. Лорис Кариустың 49 ойында 47 гол жіберіп алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×