Логвиненко келер аптада қатарға қосылады

17.09.2016, 08:08
Логвиненко келер аптада қатарға қосылады
"Астана" клубының қорғаушысы Юрий Логвиненко келер аптадан бастап командасына көмектесе алады, деп жазады KazFootball.kz. Еске сала кетейік, Юрий Логвиненко Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында БАТЭмен өткен кездесу барысында жарақат алып қалған еді. Содан соң қорғаушы Германияда он күндік сауықтыру курсынан өткен. Қазіргі уақытта Ловкиненко дәрігерлердің бақылауымен жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. Футболшының айтуынша, ол келесі аптада командасына көмектесе алады екен. Айта кетейік, келесі аптада "Астана" алдымен Қазақстан кубогы аясында сырт алаңда "Ертіс" клубымен, одан кейін Премьер-лига аясында Шымкентте "Ордабасы" клубымен кездесу өткізеді. Ал, 29-шы қыркүйек күні елордада Еуропа лигасы аясында "Янг Бойз" командасымен ойнайды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×