Мадридтік "Реал" өз сапына немістерді жинамақшы

18.01.2015, 04:44
Мадридтік "Реал" өз сапына немістерді жинамақшы
Бұл жөнінде Испанияның БАҚ өкілдері жарыса жазуда. «13TV» телеарнасының мәлімдемесі бойынша соңғы мардымсыз ойындарға көңілі толмаған клуб басшысы Флорентино Перес бас бапкер Карло Анчелоттиді орынынан босатуды ойластыра бастады. Анчелоттидің орынына келетін бапкермен де келіссөз жүргізіліп жатқанын да айтқан. Ол бапкер -  Йоахим Лёв.  Германия құрамасымен әлем чемпионы атанған бапкермен келліссөздер жалғасуда және Лёвтың Реалға келуінің екі жолы бар: біріншіден, Анчелоттидің орынына осы жыл аяқталған соң келуі мүмкін немесе 2016 жылы Анчелотти бапкердің келісімшарты аяқталғаннан кейін келуі мүмкін. Лёв Мадридтік "Реал" қызыққан жалғыз «бундесманшафт» өкілі емес, сонымен қатар, «El Confidencial»  ақпараты бойынша команда сапына Марко Ройс келуі мүмкін. Тіпті, кей ақпараттарға сенсек "Реал" мен дортмундтық "Боруссияға" € 25 млн төлеп,  ойыншымен  келіссөз де жүргізіп, бесжылдық келісімшартқа € 7 млн көлемінде еңбекақы жазылған дейді. Айта кеткеніміз жөн, осындай сомадағы келісімшартқа  Реал ойыншыларының арасында Тони Кроос пен Кәрім Бензема да ие. Марко Ройс осы маусымда дортмундтық "Боруссия" сапында 7 рет алаңға шығып, 3 гол соғып, 2 рет ассистент болған. Флорентино Перестің көзіне түскен тағы бір Әлем Чемпионы - Томас Мюллер. Неміс баспасы «Bild»-тің ақпараты бойынша Мадридтік Реал бұл ойыны үшін Баварияға € 45 млн төлеуге әзір. «Мюллер өте әмбебап және де физикалық тұрғыда мықты ойыншы, біз онның ойынын баяғыдан бақылап келеміз» - деп Флорентино Перес мәлімдеме жасаған. Мюллер  осы маусымда "Бавария" сапында 16 рет алаңға шығып 7 гол соғып, 6 рет ассистент атанған.

Ерқанат САҒАДИН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×