Магомед Адиев: «Екінші голды соқпадық деген өкініш бар»

11.06.2022, 08:13
Қазақстан құрамасы ойынның 85-минутында гол жіберіп алды.
Магомед Адиев: «Екінші голды соқпадық деген өкініш бар»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасында Беларусь құрамасымен өткен ойынды (1:1)қорытындылады:

- Менің ойымша, біз матчты жақсы бастадық. Бірінші таймның ортасында қарсыластар белсенділік танытты. Ол кезде өз ойынымызды жоғалтып алдық. Дегенмен матчтың басында белсенді болып, гол соқтық.

Екінші таймда қарсыластың шабуылды үдететінін түсіндік. Біз де жақсы мүмкіндіктер ұйымдастырдық. Өкінішке орай, гол соға алмадық. Матч соңында алаң иелері қысымды күшейтті және тағы бір гол соғуы мүмкін еді. Бірақ бізде де екінші голды соқпадық деген өкініш бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×