Қазақстан құрамасы Беларусьпен тең тарқасты

11.06.2022, 07:36
Үш ойыннан кейін Магомед Адиев шәкірттері 7 ұпаймен өз тобында көш бастап келеді.
Қазақстан құрамасы Беларусьпен тең тарқасты

Футболдан UEFA Ұлттар лигасының үшінші турында Қазақстан кезекті ойынын Беларуське қарсы өткізді. Сербиядағы «Караджордже» стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Ойын бастала салысымен қазақстандық футболшылар тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде ойынның 13-минутында Абат Айымбетов Ян Вороговскийдің пасынан кейін мергендігімен көзге түсті. Бұл Абаттың аталған турнир барысында соққан үшінші голы.

Екінші кезеңде Беларусь құрамасы таразы басын теңестіруге ұмтылды. Ойынның 85-минутында қосалқы құрамнан шыққан Владислав Малькевич гол соғып кетті.

Енді Қазақстан 13 маусымда өз алаңында Словакияны қабылдайды.

Үш ойыннан кейін Магомед Адиев шәкірттері 7 ұпаймен өз тобында көш бастап келеді.

Беларусь – Қазақстан – 1:1

Сары қағаздар: Руслан Юденков 42 – Исламбек Қуат 88

Беларусь: Павел Павлюченко (қ) – Кирилл Печенин, Руслан Юденков (Валерий Громыко 46), Захар Волков, Руслан Хадаркевич, Роман Бегунов (Глеб Шевченко 75) – Артем Быков, Евгений Яблонский (к) (Владислав Климович 81) – Макс Эбонг, Павел Седько (Егор Богомольский 46), Иван Бахар (Владислав Малькевич 65);

Қазақстан: Игорь Шацкий (қ) – Ян Вороговский (Ғафуржан Сүйімбаев 58), Нұралы Әліп, Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Қайыров – Исламбек Қуат (к), Аслан Дарабаев (Тимур Досмағамбетов 77), Эльхан Астанов (Владислав Васильев 76), Рамазан Оразов (Самат Жарынбетов 67) – Абат Айымбетов (Артур Шушеначев 67);

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×