Беларусь - Қазақстан матчының үздік ойыншысы анықталды

11.06.2022, 16:55
Қақпашымыз кешегі ойында 6 сейв жасады.
Беларусь - Қазақстан матчының үздік ойыншысы анықталды

SofaScore аналитикалық порталы УЕФА Ұлттар лигасы аясында өткен Беларусь - Қазақстан (1:1) матчындағы ойыншыларының рейтингін жариялады.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий кездесудің үздік ойыншысы деп танылды (8,1). Ол матч барысында 6 рет сейв жасады. Сергей Малый (7,6) екінші орынға табан тіресе, үздік үштікті нәтижелі пас берген Ян Вороговский (7,5) түйіндеді.

Беларусь құрамасында ең жоғары ұпайды қорғаушы Валерий Громыко (7,8) алды. Екінші орынды Захар Волков (7,7) еншілесе, үшінші орынды гол соққан Владислав Малькевич пен орталық қорғаушы Руслан Хадаркевич (7,6) бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×