Ян Вороговский: «Кездесудің соңында жіберіп алған гол көңілімізге қаяу түсірді»

11.06.2022, 17:06
Вороговский кешегі ойында Абатқа нәтижелі пас шығарып берді.
Ян Вороговский: «Кездесудің соңында жіберіп алған гол көңілімізге қаяу түсірді»

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский УЕФА Ұлттар лигасы аясында Беларусьпен болған матч (1:1) туралы өз ойын ортаға салды.

- Айымбетовке берген нәтижелі пасыңыз туралы айтып берсеңіз?

- Біз осы эпизодты ойын алдында пысықтаған едік, бұл өз жемісін берді. Онымен келісіп алдым, соған сәйкес, мен қапталдан айып алаңына енген кезде ол жақын бұрышқа жүгіріп келуі тиіс болды. Солай болды да. Мен өте қуаныштымын.

- Ойынға ауа райы қалай әсер етті?

- Ойынның қарқыны жоғары болды, негізінен, бұл Англияда футболға арналған ауа-райы болып саналады.

- Сіз үшін тең ойын жетістік пе?

- Есепте алда келе жатқан едік, кездесудің соңында жіберіп алған гол көңілімізге қаяу түсірді. Бірақ барлық жігіттерге рахмет айтқым келеді, олар соңына дейін күресті. Недегенмен біздің сапар ауыр болды, ойын алдында бір жарым сағат жол жүруге тура келді. Қалай болғанда да, біз алаңға шығып, соңына дейін күрестік, бірақ жағдай солай болды. Бұл футбол.

- Белградтан мұнда жету қиын болғанын өзіңіз де атап өттіңіз. Мұны Беларусь құрамасы үшін артықшылық деп санау керек пе?

- Олай деп ойламаймын. Біз бұл туралы білдік және оған психологиялық тұрғыдан дайындалдық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×