Қазақстан футболының жанкүйерлеріне жақсы таныс маман Магомед Адиев мансабындағы жаңа парақты ашпақ. 48 жастағы Ресейлік бапкер “МЛ Витебск” ұжымын жаттықтыратын болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Адиевтің соңғы жұмыс орны Самараның “Крылья Советов” клубы болған еді. Енді ол Беларусь чемпионатына бағыт түземек. Маманның тактикалық икемділігі мен 3-4-3 жүйесіне деген адалдығы жаңа ұжымның ойынына серпін береді деп күтілуде.
Магомед Адиев футболдағы жолын шабуылшы ретінде бастаған. 2001-2008 жылдар аралығында Ресей мен Украина біріншіліктерінде 96 ойын өткізіп, 9 гол соғып, 6 нәтижелі пас шығарған. Оның ойыншы ретіндегі тізімінде “Анжи”, “Сокол”, “Кривбасс” және “Терек” секілді ұжымдар бар.
Алайда ол өзін бапкерлік қызметте толықтай аша білді. Қарағандылық “Шахтерда” (2021-2022) әр матчта орта есеппен 1.57 ұпай жинап, жоғары нәтиже көрсетті.
Қазақстан ұлттық құрамасында (2022-2024) нағыз ерлік жасады, команданы Ұлттар лигасының “В” дивизионына шығарып, Данияға қарсы өткен тарихи камбэкте (3:2) жеңіске жетеледі.
Қазақстанда 2022 жылдың қорытындысы бойынша “Алтын Адам” сыйлығын иеленіп, “Жылдың үздік бапкері” атанды.
Қазақстан құрамасынан отбасылық жағдайына байланысты кеткеннен кейін, Адиев Ресей Рремьер лигасында (“Ахмат”, “Химки”, “Крылья Советов”) бақ сынады. Енді ол өзінің халықаралық тәжірибесі мен жеңімпаздық рухын “МЛ Витебск” командасына дарытпақ.