Малик Мане «Ақтөбе» командасына қайта орала ма ?

02.12.2013, 12:46
Малик Мане «Ақтөбе» командасына қайта орала ма ?
soe2593-jpg-lesund-2-186 2011 жылы Ақтөбе командасындағы үздік шабуылшысы атанған Малик Манені қазақ футболының жанкүйерлері ұмыта қоймаған шығар. Өзіндік ойын өрнегімен өзгелерден ерекше көрінетін сенегалдық ойыншы футболдағы алғашқы қадамын туған өлкесі Зигиншордағы  «Каса Спорт» командасында бастаған. 2008 жылы «Саннефьорд» клубынан шақырту алып, Норвегия еліне көшіп барады.2011 жылға дейін норвегиялық команданың жейдесін киіп, 85 рет жасыл алаңға шығып, 20 голды өз еншісіне жазды.2011 жылы қазақстандағы үздік клубтардың бірі "Ақтобе" командасында бағын сынап көреді. 30 ойында 15 гол  салып көрермен көзайымына айналды.Әсіресе Еуропа Лигасының іріктеу ойындарында жасындай жарқылдап, "Алания" қақпасына гол тоғытқаны жанкүйерлер есінде қалды.  Бүгінде 25 жасқа келген Малик Мане норвегиялық  "Согндал" командасында ойнайды.Еншісінде 30 ойын 5 гол бар.Соңғы кездері ел арасында: " Малик Мане "Ақтөбе" командасына қайтып оралады",- деген әңгіме желдей есіп жүр.Бұл сөздің рас өтірігін алдағы уақытта білетін боламыз.    Түйін:    Ел чемпионы болған "Ақтөбе" командасына сенегалдық шабуылшы Мане келер болса, жаңа маусымда Чемпиондар Лигасының іріктеу ойындарына қатысатын командамыз үшін жақсы болар еді.Алдыңғы мақаламызда тілге тиек еткен ивуарлық Серж Деблемен "Ақтөбе" ұжымы ортақ келісімге келсе қос қара маржан шабуылшының керемет жұбына көпшілік көрермен куа болар қалар.Сіз не дейсіз ?   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×