Виталий Ли "Шахтер" командасымен қысқы жаттығу жиынына аттанды

02.12.2013, 08:01
Виталий Ли  "Шахтер" командасымен қысқы жаттығу жиынына аттанды
Алматының "Қайрат" командасына жалға берілген жас шабуылшы Виталий Ли қарағандылық "Шахтер" - мен қысқы оқу-жаттығу жиынына Израиль еліне  аттанды. 450_51c967f6189e7 Кеншілер командасында алаңға 1 рет шыққан жас ойыншы жазда Владимир Вайсс командасына жалға берілген болатын."Кайрат" командасында 19 жасар шабуылшы 16 ойын өткізіп 4 голдың авторы атанған. 12 желтоқсан күні "Шахтер" Еуропа Лигасындағы соңғы ойынын израилдің "Маккаби Хайфа" командасымен өткізбек. Сурет Sports.kz сайтынан алынды. Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×