Серж Дебле "Ақтөбе" командасының оқу-жаттығу жиынына шақырылмақ

02.12.2013, 08:18
Серж Дебле "Ақтөбе" командасының  оқу-жаттығу жиынына шақырылмақ
  deblepyunik   Қысқы оқу-жаттығу жиыны барысында «Ақтөбе»  командасының қатарына ивуарлық Серж Дебле келіп қосылмақ. Егер сынақтан өтсе келер маусымда қара маржан ойыншыны «Ақтөбе» клубының  сапынан көріп қалармыз. Бұл шабуылшы бұған дейін армениялық «Ширак» командасында өнер көрсеткен. Серж сондай-ақ, ағылшындық «Чарльтон» және француздық «Нант» командаларында ойнаған.« Ширак» командасында жүріп 13 ойында 10 гол салып, 9 нәтижелі пас шығарған. Жасыл алаңда шиыршық атқан,  қимылы ширақ, соққысы мығым  Серж Дебленің ойынын тамашалаңыздар : [video width="480" height="360" mp4="http://aladop.kz/wp-content/uploads/2013/12/Serge-Deble-1.mp4"][/video]   Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×