«Манчестер Сити» Англия құрамасының жартылай қорғаушысын сатып алды

25.06.2022, 17:33
Гвардиоланың командасы Фернандиньоны алмастыратын ойыншы үшін 52 миллион еуро төледі.
«Манчестер Сити» Англия құрамасының жартылай қорғаушысын сатып алды

«Манчестер Сити» «Лидстің» жартылай қорғаушысы Калвин Филлипсті қатарына қосты, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес, Англия чемпиондары футболшының трансфері үшін 52 миллион еуро төлейді. Сондай-ақ «Манчестер Ситиге» тиесілі 18 жастағы жартылай қорғаушы Дарко Гьяби «Лидс» клубына аттанады.

Хосеп Гвардиола Филлипсті клубтан кеткен Фернандиньоның орнын басатын ойыншы ретінде қарастыруда.

Өткен маусымда Калвин Филлипс «Лидс» үшін 23 кездесу өткізіп, бір гол мен бір нәтижелі пасты өз атына жазды. Оның клубпен 2024 жылдың маусымына дейін жарамды келісім-шарты бар еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×